Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СУИЦИДКЕ СМАРТФОН СЕБЕПШІ

24 сәуір 2019
КҮНДЕРЕК
СУИЦИДКЕ СМАРТФОН СЕБЕПШІ
WhatsAppTelegramFacebook

Таң атпай, көзіңізді аша сала ең алдымен нені іздейтін едіңіз? Әрине, ойланбастан смартфон деп жауап беретінің анық. Таңның атысынан күннің батысына дейін осы бір кішкентай ғана темір қорапшасыз өмір сүре алмайтын секілдіміз.

Қазіргі таңда бүкіл ғаламшар технологиялық гаджетке тәуелді. Ал оның кесірінен  қаншама зиян көріп, қысқа уақытты тиімсіз нәрсеге жұмсап жатқанымыздан хабарымыз жоқ. Шырмауынан шыға алмай әлек болып жүрміз. Қоғамда әлеуметтік желі мен ғаламтордың бізге беріп жатқан пайдасы көп қой деген пікір қалыптасқан. Мүмкін солай да шығар, бірақ кейбір тұстары, керісінше, зиянын тигізіп жатқанын да ескеруіміз қажет. Шетелдік ғалымдар техникалық гаджеттер адам дамуының ең соңғы сатысы, яғни, дамудың шегі деген тұжырым жасаған. Шынында қазір адамдар өзінің ақылын іске қосқаннан гөрі смартфонды іске қосқан оңайырақ деп есептейді. Бұл – жалқаулықтың төте жолы, жеңіл сылтауы.

ХХІ ғасырда заманауи тұлғаның ұялы телефоны болмауы ұят сияқты көрінеді. Кезінде ата-бабаларымыз ғылым мен білімге құштар болған, қандай жағдай болмасын ең алдымен болашақты ойлаған. Ал қазіргі ұрпақ ше?! Тек өзінің жеке өмірі мен ең қымбат бағалы смартфон алуды ойлағаннан басқаға бас қатырғысы келмейтін тәрізді.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарының деректері бойынша, ұялы телефоннан электромагнитті толқын бөлінеді, соның нәтижесінде мидың қызметі бұзылуы мүмкін. Электромагниттің біздің ағзаға физикалық тұрғыдан дамуға және жүйке жүйелеріне тигізетін кесірі тым үлкен. Соның салдарынан адамдардың есте сақтау қабілеті мен жүйке жүйелері әлсізденеді. АҚШ  профессорларының пайымдауынша, жасөспірімдер арасындағы суицидтің жиі орын алуына ұялы телефон себепші. Тіпті, ұйықтаған сәтте жастықтың астына салып жату миға глюкозаның көп мөлшерде жиналуына әкеліп соқтырып, оның соңы ісік ауруына шалдықтыруы ықтимал көрінеді. Зардап шегетін тек ми ғана емес, көздің жанары да зақымданады. Құлаққап арқылы музыка тыңдау кесірінен есту қабілеті нашарлайды.

Айналаға назар салып қарасақ, ұялы телефонға үңілу «ауруының» шырмауынан шыға алмай жатқан «науқастарды» көп көреміз. «Смартфонды  таста» деп ешкімге айта алмаймыз. Ғаламторды ашып қалсаң, бүкіл әлем сенің көз алдыңа шыға келеді. Керек кезде уақытты үнемдеу үшін оның пайдасы мен маңыздылығы жетерлік. «Сонда не істеу керек?» деген сұрақ бәріміздің көкейімізде жаңғырып тұр. Дегенмен, заманның талабына сай өмір сүру керек екен деп денсаулығымыздан айырылып жүрмейік. Бәрі де өзімізге байланысты.

Абылай ЕРБОЛҰЛЫ,

«Тұран» университетінің ІІ курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.