«Жетісу Медиа» ПХВ-да кәсіпорын басшылығының, комплаенс-офицердің және бас редакторлардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу құралдарын жетілдіру және мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын күшейту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар ұйым жұмысының ашықтығын арттыру, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларға тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.





