Талдықорған: +28°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Табиғат – ортақ игілік

14.10.2025
КҮНДЕРЕК
Табиғат – ортақ игілік

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда 22 мыңнан астам тұрғын сенбілікке шықты. Талдықорғанда өткен экологиялық акция аясында жүздеген ағаш отырғызылып, «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Талдықорған қаласында өткен жалпыұлттық сенбілікке облыс тұрғындары белсене қатысты. «Аялы алақан» аллеясында ұйымдастырылған экологиялық шара бірлік пен еңбектің мерекесіне айналды.

Айта кетейік, аталмыш аллея пандемия кезінде жанқиярлықпен ерлік танытқан медицина қызметкерлерінің құрметіне ашылған. Сондықтан да сенбілікке дәрігерлер мен волонтерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер, коммуналдық қызмет мамандары, жастар ұйымдары мен Ассамблея өкілдері, жалпы табиғатқа жанашыр қала тұрғындары жаппай атсалысты.

Шараның басында «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты рәсімде облыс әкімі Бейбіт Исабаев үздіктерге Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үлгілі аудан орталығы» атағын Сарқан қаласы, «Үздік ауылдық округ» номинациясын Қаратал ауданының Кәлпе ауылы, ал «Ең үлгілі аула» номинациясын Талдықорған қаласы «Жұлдыз» шағынауданындағы №25 және 27-үйлер мен Текелі қаласындағы Победа көшесіндегі №11-үй жеңіп алды.

Бұдан кейін сенбілік жұмыстары қызу басталып, қатысушылар 500 түп ағаш отырғызды. Оның ішінде 150 түп қылқанжапырақты және 350 катальпа секілді өңірімізге сирек кездесетін сәндік ағаш түрлері бар.

«Үлгілі ауылдық округ» номинациясы бойынша жеңімпаз болған Қаратал ауданы, Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Сержан Андасбаев өз сөзінде өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына тоқталды.

– Біздің округтің негізгі бағыты – қант қызылшасын өсіру. Биыл 420 гектар жерге тәтті түбір егілді. Соңғы жылдары ауылда Мәдениет үйі мен спорт кешені жөнделіп, балалар ойын алаңдары мен жаңа теннис және бокс залдары салынды. Бұл марапат – бүкіл ауыл халқы еңбегінің нәтижесі, – деді ол.

Ал шара барысында ерекше әсерге бөленгендердің бірі – жас дәрігерлер тобы болды.

– Бұл аллея біздің әріптестеріміздің құрметіне арналған. Көптеген әріптесіміз пандемия кезінде өмірін құрбан етті. Сондықтан мұндай игі іске қатысу – біз үшін үлкен құрмет. Өзім де жыл сайын ағаш отырғызуға тырысамын. Талдықорғанның табиғаты ерекше әсем, халқы да белсенді, – дейді Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының травматолог-дәрігері Әсет Әбішев.

Жалпы сенбілікке облыс бойынша 22 мың 800-ден астам адам қатысып, 204 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 880 тонна қоқыс жиналып, 438 гектар аумақ тазартылып, 9 430 түп ағаш отырғызылды.

Таза табиғат – ортақ игілік. Бұл сенбілік соның айқын дәлелі болды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026
Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

04.07.2026
Аю мен шибөрі көбейді

Аю мен шибөрі көбейді

04.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.