Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талғардағы трагедия: Күдіктілер марқұм Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған

15.11.2024
КҮНДЕРЕК
Талғардағы трагедия: Күдіктілер марқұм Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған

Талғарда жаппай төбелес кезінде бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісіне байланысты жаңа деректер белгілі болды. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Марал Жайлаубаева қанды оқиға болған түні күдіктілер марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанатты да өлтіруге оқталғанын жеткізді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қылмыстық іс 6 бап бойынша тергеліп жатыр.

“Бүгінде Шерзат Болаттың ісі бойынша көптеген сұрақ келуде. Осы қылмыстың мән-жайы туралы айта кетейін. Қылмыстық іс 6 бап бойынша тергелуде. Өлтіру фактісі, қылмысты жасыру, қылмысты хабарламалау және қорқыту мен бұзақылық бойынша. Сонымен қатар қайғылы оқиға түні Шерзаттың ағасы Нұрқанаттың ұялы телефоны мен әмияны ұрланған. Бұл бойынша біз тергеу органдарына өтініш хат жібердік. Өтініш хат қазіргі таңда қанағаттандырлып, 188 баптағы бөтен мүлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — деді ол.

Сондай-ақ төбелес кезінде күдіктілер Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанатты да өлтірмек болған.

“Біз Нұрқанатты өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу органдарына өтініш жібердік. Күдіктілер Нұрқанатқа дене жарақаттарын келтіріп, 3-4 мәрте жамбасы мен төсіне пышақ сұққан. Аталған әрекеттер адамды өмірінен айыруға тікелей бағытталған, яғни нақты ниетпен жасалған деп есептейміз. Бұл өтініш қазір тергеу органдарымен қаралуда. Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер мен күдіктілердің ортасында беттестіру өткізіліп, қазіргі таңда тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен біз танысудамыз”, — дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші тараптың тағы бір қорғаушысы Саида Тәуекелова қазақстандықтарға үндеу жасап, марқұм Шерзаттың отбасын жайына қалдыруды сұраған еді.

«Соңғы кездері әлеуметтік желілерде өз мүдделерін көздеген блогерлер Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша соттың ашық өтуін талап етіп, ашық мәлімдемелермен жоғарғы органдарға жүгінуде. Адвокаттар мен жәбірленушілердің өкілдері сот процесін ашық өткізуді әу бастан қолдағанын және бұл туралы өтініш беруге ниетті екенін белсенді түрде мәлімдегенің түсіндіргіміз келеді. Прокуратура да бұл ұстанымды қолдады, өрт қою фактісі бойынша тергеуді арнайы жасақ толығымен жүргізіп жатыр. Іс бойынша барлық шаралар, соның ішінде үйді өртеу фактісі бойынша тергеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде», – дейді қорғаушысы.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

15 қазанда Ішкі істер вице-министрі тағы үш күдіктіні ұстағанын мәлім етті.

Ал 18 қазанда тағы бір күдіктіні қолға түсірді.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.

Одан кейін Шерзаттың үйіне күзет қойылды.

Көп ұзамай марқұм Шерзаттың үйі өртенді.

Коллаж: ulysmedia.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.