Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨШЕДЕ ТАЛЫП ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДІ ҚҰТҚАРДЫ

23 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨШЕДЕ ТАЛЫП ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДІ ҚҰТҚАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандық полицейлер көшеде талып қалған жасөспірімді дереу ауруханаға жеткізіп, өміріне араша түсті. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

15 жасар жасөспірімді дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Қазір науқас ауруханада жатқанымен, жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Талдықорған қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының инспекторлары, лейтенант Азамат Барлыбаев пен кіші лейтенант Абылай Саматұлы 19 қыркүйек күні сағат 16-20 шамасында өздеріне тиесілі учаскені автопатрульдеу кезінде жол бойында жас баланың талып құлағанын байқаған. Әр секундтың өте құнды екенін түсінген тәртіп сақшылары оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тұншығып, дем жүрмей жатқан жасөспірімнің тілін сыртқа тартып, тыныс жолдарын ашқан.

Оқиға орнына шақырылған «Жедел жәрдемді» күтпестен, полицейлер қызметтік көліктерімен қаладағы көпсалалы ауруханаға баланы бар-жоғы 5 минутта жеткізген. Жол-жөнекей ауруханаға тиісті хабар берілгендіктен, дәрігерлер де науқасты күтіп алып, оны сол сәтте жансақтау бөліміне алып кеткен.

— Полицейлер жағдайға сәйкес өте дұрыс шешім қабылдаған. Өйткені, кез келген жағдайда азаматтарға қол ұшын созу үшін тәртіп сақшыларына алғашқы көмек көрсету курстары ұйымдастырылады. Баланың өмірін сақтап, уақытты ұтымды пайдалану үшін ауруханаға жеткізген. Қалалық полицейлер атынан жасөспірімнің тезірек сауығып кетуін тілейміз. №158 экикаж құрамындағы лейтенант Азамат Барлыбаев ішкі істер органдарында 6 жыл, ал кіші лейтенант Абылай Саматұлы 3 жылдан артық қызмет атқарып келеді. Қырағылығы мен жағдайды дұрыс пайымдап, оң шешім қабылдағаны үшін экипаж құрамына алғыс білдіремін, — деді Талдықорған қаласының бас полицейі, полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында жексенбі күні Талдықорған қаласындағы барлық блогерлердің парақшаларында дүкенге кеткен баласының талып құлағанын көрген және оған алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген Азамат және Абылай есімді тәртіп сақшыларына алғыс айтқан ата-ананың жазбасы жарияланды.

— Қызметкерлердің бейнежетондарының жазбасын зерделеу барысында 158 экипаждың ерлікке пара-пар іс жасағаны белгілі болды. Полиция кіші лейтенанты Абылай Саматұлы былтыр да ауа райына байланысты жолда денсаулығы сыр берген қарияға қол ұшын беріп, аман-есен ауруханаға жетуіне ықпал еткен болатын. Кез келген сәтте көмек мұқтаж адамға көмектесуге даяр қызметкердің ісі жастарға үлгі болуы тиіс, — деп толықтырды Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28
Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.