Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Астана күні аталып өтті

8 шілде 2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда Астана күні аталып өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда Астана күні айрықша аталып өтілді.

Шаһардағы «Жастар» саябағында ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков жалпы тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, аймақ басшыларының ізгі тілегін жеткізді.

 – «Астана мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы. Бұл кең-байтақ отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала. Бүгінде ол әлемді тамсандыра отырып, еліміздің өзге өңірлеріне серпінді дамудың тың үлгісін сыйлады. Осыған байланысты Талдықорған қаласы да жыл санап жасарып жайнап келеді. Қазір аймақта мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген кәсіпорындар ашылып, жаңа шағын аудандар бой көтерді. Қала небір жаңа әлеуметтік нысандармен толығып, халыққа қызмет көрсетудің сапасы артты. Міне, бұл, Жетісу жұртының ортақ жетістігі. Осы орайда мен барша халыққа мықты денсаулық, әрбір отбасына амандық, елімізге береке — бірлік тілеймін!», — деді қала әкімінің орынбасары.

Қала тұрғындарының сөзінше, өткенді еске алмай бүгінге баға беру мүмкін емес. Жалпы жан-жақты дамуға жол алған Жетісу облысының орталығы қазір еліміздің бас қаласына қарап бой түзеуде. Талдықорған қаласының қазіргі көркеюі шынмен де көңіл қуантантарлық. Себебі, кешегі тоқырау жылдары жұрты көшіп, жарығы сөніп, сусыз жылусыз сүреңсіз күйге түскен қала бүгінде адам танымастай өзгерді. Білім мен денсаулық, спорт пен мәдениет, егін, мал шаруашылықтары, кәсіпкерлік басқа да әлеуметтік салалар қайта түледі. Соның арқасында қала қарқынды дамыды. Бұл жалпы талдықорғандықтардың ортық еңбегі.

Астана күніне арналған мерекелік шараның соңы өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған қауымға шуақты көңіл күй сыйлады.

                                                                          Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.