Бүгінде Жетісу облысының орталығында аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды. Нақты деректерге жүгінсек, соңғы 10 жылдан астам уақыт ішінде қаладағы 300-ге жуық көпқабатты тұрғын үйге қарасты 200-ге жуық аула абаттандырылған. Осыған байланысты бұл жұмыстар әлі күнге жалғасын табуда. Мәселен, биыл жыл соңына дейін тағы 12 жаңа аула пайдалануға берілмек.
Сала мамандарының сөзінше, биылғы жылы құрылыс бөлімі арқылы қаладағы 9 шағын ауданында заман талабына сай 12 жаңа ауланың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы 5 аула абаттандырлып, 5 аула күрделі жөндеуден өткізілмек. Қазір аулаларды абаттандыру, ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін қолға алынған бұл жұмыстарды толық аяқталмақ.
Еске сала кетейік бүгінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына тұрғындар өтінім беріп, аулаларын жөндеп, ретке келтіруге мүмкіндік бар.
– «Жасырары жоқ соңғы жылдары Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы адам танымастай өзгерді. Жыл санап шаһар аумағы кеңейіп, жаңадан бірнеше шағын аудан бой көтерді. Әсіресе, аймақта мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандармен қатар көптеген спорттық алаңдар да салынуда. Сонымен қатар, аймақтағы елді мекендерге дейін табиғи газ тартылып, жолдар жасалып, аулалар абаттандырылуда. Бұл, біріншіден, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйласа, екіншіден, қала дамуының айқын айғағы», – дейді аймақ тұрғындары.
Айдын КӘЛІМХАН
Фото: автордан ұсынылды