Талдықорған қаласындағы «Папиллон» монша кешені отқа оранды. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 101 қызметіне кешкі 21 сағат 36 минутта Талдықорған қаласы, Жасталап көшесі, 55 мекенжайында орналасқан «Папиллон» монша кешенінде өрт шықты деген хабар түскен. Қызыл жалынның алдын алуға төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің 45 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт 22 сағат 36 минутта ауыздықталды. Өрт 128 шаршы метрді шарпыған.Төтенше жағдай кезінде жарақат алғандар мен адам шығыны болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ришад ТҰРҒАНБАЕВ
Алматы облысы





