Талдықорған: -0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда миллиардттаған қаржыны жымқырған білім бөлімінің қызметкерлері қамауға алынды

19 сәуір 2023
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда миллиардттаған қаржыны жымқырған білім бөлімінің қызметкерлері қамауға алынды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері мен бірнеше қызметкерінің 1 миллиард теңгені жымқырып, қымбат автокөліктер мен 29 жылжымайтын мүліктің құжатын еншілемек болған. Қомақты сомамен қолға түскен күдіктілер қазір қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Мұндай мәлімдемені ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыстық департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов жариялады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбат берген департамент басшысының айтуынша, тергеу амалдарының жүруіне байланысты көптеген деректер айтылмауы тиіс.

         – Қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде. Қазіргі уақытта күдікті тұлғалар білім беру саласында мүлде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы ретінде ақша бөлу жолымен қомақты қаражатты жымқырды деген желеумен ұсталып отыр. Сот үкімімен қамауға алынды. Алдын ала бар ақпаратқа қарағанда аталған тұлғалар 2020 жылдың қыркүйек айынан бері 2 миллиард теңгедей ақшаны жымқырған. Былтырғы желтоқсан айының өзінде олар 800 миллион теңгені ұрланғаны анықталды. Ұстау барысында күдіктілерден 1 миллиард теңге, зергерлік бұйымдар, қымбат автокөліктер мен 29 жылжымайтын мүліктердің құжаттары алынды, – деген Мақсат Мырзаханұлы басқа мәліметтерді тергеу амалдарына байланысты жарияламай алмайтынын жеткізді.

         Күдіктілердің үстінен «Бюджет қаржысын жымқырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Фото: көрнекілікке алынды

Мәди АЛЖАНБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.