Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы жабайы сауданы жоюдың жайы қалай?

28.11.2024
КҮНДЕРЕК
Талдықорғандағы жабайы сауданы жоюдың жайы қалай?

Бүгінде Жетісу облысының орталығында заңсыз сауданы жойып базар маңындағы көшелерді ретке келтіру  жұмыстары жалғасуда. Алайда, Талдықорғанға облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бері еш шешімін таппай келе жатқан бұл мәселенің бүгін, ертең шешіле қоюуы екі талай. Себебі, соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде әр келген әкім базар аумағын реттеуге уәде беріп, бастабында білек сыбана кіріскенімен соңы сиыр құймышақтанып барып аяқталады – дейді өңір тұрғындары.

Осыған байланысты біз аталған қала базарын аралап болмысты көзбен көріп қайтқан едік. Жұрт айтса, айтқандай қазір Талдықорғанның  орталығындағы «Әлдибек» сауда үйінің алдындағы бірқатар  сауда дүңгіншектері алынып, Қабанбай батыр көшесінің біраз бөлігіндегі жол жиегі кеңейтілгенімен қанаттас Біржансал, Шевченко, Гауһар ана, Дайыров көшелерінің бойында жаяу адам жүретін жол да жоқ. Бұл аумақтардағы жолдың екі жағасына тізілген түрлі жеміс-жидектермен басқа да тауарлардан аяқ алып жүргісіз. Тіпті, саудагерлер жаяу жүргіншілер жүретін жолға дейін иеленіп алған. Оның үстіне сол маңға иін тірестіре қойылған сатушылардың және такси жүргізушілерінің көліктерінен жұрттың базарға кіріп шығуының өзі мұң. Жергілікті жұрт  мұндай келеңсіздіктер жойылып базар аумағы ретке келтірілсе тазалыққа да, сатушылардың өзіне де, өзге базаршыл қауымға да қолайлы болатынын айтады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы қаладағы заңсыз сатушыларды анықтап, жабайы сауданы жою жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар базарда тұрғандармен ірі сауда үйінің иелерімен талай мәрте кездесу өткізіп, тиісті заң талаптарын түсіндірген. Сондай-ақ, Желтоқсан көшесі, 19А мекенжайында жаңадан ашылған «Алтын Орда Жетісу» әлеуметтік базарынан саудагерлерге жеңілдікпен орын да белгілеп беріп, тіпті, әр орын алғашқы 2-3 айға дейін тегін болатынын ескерткен. Сонымен қатар азаматтардың талап-тілектері де ескеріліп сауда орындарының балама нұсқалары және жұмысқа орналасқысы келетіндер үшін тұрақты жалақы алып тұратын жұмыстар да ұсынылған. Бірақ сатушылардың біразы келіскенмен біразы  жаңа базарға және басқа жұмысқа барудан бас тартқан. Дейтұрғанмен бұған қарсы әр сатушының өз айтары бар.

 – «Біз бүкіл дүниені қымбатшылық қысқан бүгінгі күнде ақ қар көк мұзда суыққа тоңып, шілденің шіліңгір ыстығында күнге күйіп қай жырғағанымыздан жүр дейсің. Бәрі де күн көрістің қамы. Ел қатарлы жаз бойы еңбектеніп азын-аулақ ауламызда өсірген жеміс-жидек, картоп, сәбізімізді, 1-2 сиырымызды сауып айран-сүтімізді, жұмыртқамызды сатуға тырысамыз. Әр күні 1-2 мың теңге тапсақ та қолымызға тиеді ғой деп базар жағалаймыз. Базардың да оңып тұрғаны шамалы, жайы мынау. Біреулер келіп ары, енді біреу бері қуады. Ал, әкімдік көрсеткен базарға барайық десек, ол жерде адам жоқ. Адамы жоқ жерде біздің саудамызды кім алады, кімге өткіземіз», – дейді Бибігүл Жексенова есімді сатушы.

Жарыса үн қатқан тағы бір саудагер: – « Мәселен, мен бір өзім бірнеше бала өсіріп отырмын. Үкімет бар жағдайды жасап қойған болса балаларымның тамағын істеп, киім-кешегін реттеп отымды жағып жылы үйімде отырмаймын ба? Мына заманда өзің қимылдамасаң аштан өлесің. Арзан ештеңе жоқ. Жарықтың, судың, жылудың, ет, сүт, ұн, май, күріштің бағасы еселеп өсіп кетті. Жергілікті билік жоғарыға өтірік мәлімет береді. Одан да билік басындағылар халыққа шынымен жаны ашып, жақсылық жасағысы келсе күн санап шарықтап бара жатқан ана зат бағасын қадағалап алсын. Балаларға беретін ай сайынғы жәрдемақының өзіне құжат жинаумен тозасың. Кейін демалысқа шықсаң, емделуге  қолайлы деген соң бірнеше жыл болды ай сайын аузымыздан жырып әлгі бір зейнетақы қорына бірыңғай төлем төлеп келгенбіз. Биылдан бастап үлкен кәсіпкер ретінде тіркелмесең ол төлемді де төлей алмайсыңдар деп тастады. Сонда күнделікті тапқаны тамағынан аспайтын қарапайым халық қалай күн көреді, қашанғы шыдай беруі керек, айтыңыздаршы?», –деп жан айқайын жеткізді.

Құзырлы мекеме өкілдерінің сөзінше, қалай дегенмен қала әкімінің тапсырмасына сай жабайы сауданы жоюдың оңтайлы жолы қарастырылып, түбегейлі шешу күн тәртібінде. Қазір қолға алынған жұмыстарды жалғастырумен қатар әкімдік қызметкерлері мен қалалық полиция өкілдері бірлесіп, әр апта сайын тұрақты түрде рейдттік шараларды ұйымдастыруда. Тиым салынған орындарда сауда жасаушыларға заң аясында тиісті шаралар қолданылуда.

 – «Бүгінде қала орталығына жайғасқан заңсыз сауда ісі көп жылдан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Әрине бұл жабайы сауда орындарын бірден жойып жіберу қиын. Соған қарамастан бүгінде кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Мәселен, биылғы жыл басынан бері заңсыз сауда жасайтын адамдарға  қатысты 1 мыңнан астам хаттама толтырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, заңның аясында тиісті шаралар жасалынатын болады», — дейді қалалық полиция басқармасының мамандары.

Ал, зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, мұндай ұсақ жайма ашатын саудагерлер дамыған мемлекеттерде де бар. Олардың ешкімге кедергісі жоқ, заң тәртібіне бойсынып, тазалықты сақтап, өз жұмыстарын жалғастыра береді. Ондай адамдарды басқалар да құрметтеп, билік өкілдері де тұртын орнына, басқалқасына көмектесіп  қолдайды. Сол арқылы олардың қолға алған кәсібінің тез жандандынуына бар мүмкіндік қарастырылады.

Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.