Мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты 29 қараша күні Талдықорған қаласында барлық қалаішілік автобустарда жол жүру тегін болады.
Қалалық жолаушылар тасымалдаушы ұйымдардың бастамасымен қоғамдық көлік тұрғындарға таңғы сағат 06:00-ден кешкі 22:00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді. Ал 30 қарашадан бастап қала автобустары күнделікті қалыпты жұмыс режиміне қайта көшеді.
Шалғай аудандар мен саяжай тұрғындарына арнайы автобустар бөлінеді
Сайлау күні саяжай алқаптары мен қала шетіндегі шалғай шағын аудандардың тұрғындары дауыс беру учаскелеріне кедергісіз қатынауы үшін қосымша 9 арнайы автобус ұйымдастырылады.
Арнайы автобустар қатынайтын сайлау учаскелерінің тізімі:
-
№393 сайлау учаскесі (Жетісу шағын ауданы, Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназия) – 2 автобус;
-
№418 сайлау учаскесі (Макаренко атындағы №6 орта мектеп) – 1 автобус;
-
№418 сайлау учаскесі (Көктал тұрғын алабы, Е. Берліқожанов атындағы №10 орта мектеп) – 3 автобус;
-
№433 сайлау учаскесі (Еркін ауылы, №26 орта мектеп) – 1 автобус;
-
№463 сайлау учаскесі (Ынтымақ ауылы, №30 орта мектеп) – 1 автобус;
-
№468 сайлау учаскесі (Көктем шағын ауданы, Балалар өнер мектебі) – 1 автобус.
«Жетісу-Ақпарат»






