Талдықорған қаласының қақ ортасындағы аулалардың қазіргі ахуалы тұрғындарды алаңдатып отыр. Біржан сал көшесі бойында орналасқан 60, 62 және 66-үйлердің тұрғындары жылдар бойы шешімін таппаған мәселеден қажығані, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аулаға кіру қиын. Асфальт жамылғысы әбден тозып, жол беті ой-шұңқырға толған. Жаңбыр жауған сайын аула батпаққа айналып, көлшіктер пайда болады. Бұл көліктердің астыңғы бөлігіне зақым келу қаупін арттырып отыр.
Тұрғындардың айтуынша, жағдайды ушықтырып тұрған тағы бір мәселе – такси жүргізушілерінің көліктерін кіреберіс пен тар өткелдерге бейберекет қоюы. Соның салдарынан тұрғындар өз үйлеріне көлікпен кіре алмайды немесе тұраққа қоюда қиындық көреді. Заң жүзінде аула – тұрғындардың ортақ меншігіндегі аумақ болғанымен, іс жүзінде ретсіз автотұраққа айналған.
Ең алаңдатарлығы – бұл мәселе қала орталығында орын алып отыр. Тұрғындар артық талап қоймайды, тек аула жолын жөндеп, тұрақ мәселесін тәртіпке келтіруді сұрайды. Қарапайым инфрақұрылымды реттей алмаған жағдайда, ауқымды жобалардың қалай жүзеге асатыны да күмән тудырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





