Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді

Бүгін Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілді. Пәтер кілттерін жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды.

23 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Қалалықтарды жаңа пәтерне ие болуымен құттықтаған облыс әкімі тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың өмір сүру сапасын көтеруге тікелей әсер ететін игілікті іс екенін, бұл Президенттің қойып отырған басты талаптарының бірі екенін атап өтті:

– Біз мемлекеттік бағдарламалардың және демеушілердің қолдауымен біз қазір тұрғын үймен қамту мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары қалада тұрғын үй беру қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның арқасында өткен жылдың қорытындысы бойыша Талдықорғанда тұрғын үй кезегіндегілер саны 8,3% азайды. Бүгінгі 60 пәтерлі үйді қоса алғанда, жыл басынан бері 368 отбасы баспанаға қол жеткізді. Ал жыл соңына дейін қалада 1520-дан астам отбасы үйлі болады, – деген Б. Исабаев бұдан әрі салтанатты түрде кілт тапсыру рәсімін атқарды.

Бүгінгі беріліп отырған 60 пәтерлік үйді «Самұрық Қазына» АҚ қаржысына салынған. Бұл 5 қабатты үйде 1 және 2 бөлмелі әрқайсысы 15 пәтерден, 3 бөлмелі 30 пәтер бар.

Жаңа қонысқа ие болғандардың бірі көп балалы ана Эльмира Көбегенова да бар:

– Көп балалы отбасы ретінде он жылдам астам уақыт кезекте тұрдық. Төрт балам бар, екеуі мектепте оқиды. Өзім аспаз болып жұмыс істеймін. Бүгін, міне, 2 бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Әулетіміздің қуанышында шек жоқ. Осындай қуаныш әр отбасына жұғысты болсын, – деді көп балалы ана.

Осы күні талдықорғандық азамат, ІІ топтағы мүгедек жан Қанат Қанатқан да үйлі болды.

– Отбасында екі қыз, бір ұлымыз бар. Бүгін жалғыз ұлымыз Қанат жаңа пәтерге қол жеткізді. Өзі 2010 жылы кезекке тіркелген еді. Бұған дейін Өтенай ауылында тұрдық. Енді бәріміз бірге осы үйде тұратын боламыз. Қанат әлі үйленген жоқ, енді үйлі болғаннан кейін бас құрап, отау көтерсе деген тілегіміз бар, – дейді Қанаттың анасы Сәуле Байжұманова.

Жалпы облыс құрылғаннан бері өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, қабылданған шаралардың арқасында  кезекте тұрған 5735 азамат үйлі болды, ал биыл барлық бағыттар бойынша тағы 2026 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.