Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды жаңалық жарияланды. Алдағы 13 наурыз күні сағат 09:00-де қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жәрмеңке аясында облыстың бірнеше аймағынан, атап айтқанда Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы әкелінген азық-түлік өнімдері көпшілік назарына ұсынылмақ. Ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді, сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтарының тауарларын тікелей өндірушіден сатып алу мүмкіндігі бар. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің нарықтық құннан төмен бағада сатылуы. Мұндай қадам әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін арттыруға және жергілікті шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз өткізуге жағдай жасайды.
Сауда Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі, 66 мекенжайында орналасқан «Әлдібек» базарының аумағында ұйымдастырылады. Тұрғындар таңғы сағат 09:00-ден бастап сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен қамдап үлгеруі қажет. Қосымша сұрақтар немесе нақты ақпарат алу үшін 8 702 196 48 25 телефоны арқылы байланысуға болады.





