Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда қарттар күніне орай концерт өтті

1 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда қарттар күніне орай концерт өтті
WhatsAppTelegramFacebook

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14-ші желтоқсанда 1-ші қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялаған болатын. Міне, содан бері елімізде әр жыл сайын бұл мереке айрықша аталып өтіліп келеді. Осыған байланысты Талдықорғанда Қарттар күніне арналған арнайы концерт өтті.

Мерекелік шараны Талдықорған қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырған. Бағдарлама аясында Д. Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының өнерпаздары оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста әсем әндер шырқап, өңір қарттарына құрмет білдірді.

Бүгінде Талдықорған қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс жасауда. Заман талабына сай жабықталған бұл орталықта тәжірибелі мамандар қызмет істейді. Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды әлеуметтендіру, оларды белсенді мәдени-шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге тарту, олардың физикалық және психологиялық  саулығына ықпал ету арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде  жалпы Жетісу облысы бойынша 95 мыңға жуық  зейнеткер бар. Олардың 27 мыңнан астамы Талдықорған қаласында тұрады. Олар негізі жоғары, төмен, орта буын өкілдерінен құралған. Алдыңғы буын санатына жыл санап қатары сиреп бара жатқан егде жастағы соғыс және тыл ардагерлері енсе, зейнеткерлік жасқа енді  толғандар орта, қызмет саласына қарай  ертерек демалысқа шыққандар төменгі буын өкілдері болып саналады. Осыған байланысты ардагерлер ұйымының қалалық филиалы олардың мұң-мұқтажы мен әлеуметтік мәселелерін шешу үшін шаһар әкімдігі және басқа да саладағы демеушілермен тығыз байланыс орнатқан.  «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген. Бұл даналықтың алтын бастауы болған ата-бабаларымыздың ұлағатты да тәрбиелі жолын жалғап келе жатқан қазіргі ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер. Олар өз кезегінде елдің ертеңі үшін ерінбей еңбек етіп, ел құрметіне бөленгендер. Қазіргі әрбір қарт еліміз Тәуелсіздік алған кезеңде қоғамның дамуы мен тоқырау жылдары тұралап қалған өңірді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқандар.

Көптің көңілінен шыққан рухани шара соңында қариялар өңір өнерпаздарына алғыс айтып, ақ батасын берді.

                                                                                                                         Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.