Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Көгілдір отын» – көптің қуанышы

Жетісу облысының орталығында тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты Талдықорған қаласы күні қарсаңында «Жастар-3» тұрғын үй алабы көгілдір отынға қол жеткізді.

12 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
«Көгілдір отын» – көптің қуанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Мамандардың мәліметіне жүгінсек, былтыр «Жастар-3» тұрғын үй алабында жайлы баспаналар салу жұмысы басталып, сол жылы 56 баспана үй кезегінде тұрған азаматтарға берілсе, ал биыл жыл соңына дейін тағы 200 отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұдан бөлек, алдағы уақытта бұл аумақта заман талабына сай сквер мен балалар ойын алаңын салу да жоспарда. Сонымен бірге биыл аталған аумақта қолға алынған жоба аясында жалпы ұзындығы 25 шақырым газ құбыры тартылып, 7 газ реттегіш пункті орнатылған. Жоспарға сәйкес онда 789 үйге көгілдір отынға қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, осы жолы 56 баспана табиғи газ тұтынуға мүмкіндік алған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 200 абонентке жеткізу көзделген.

Табиғи газ берілген аумақтағы тұрғындарды қуанышымен құттықтаған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жиналған жұртқа жаңадан бой көтеріп келе жатқан бұл жерде әлі де бірқатар тың жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.

– Қала күні қарсаңында шаһар көлемінде 30-дан аса іс-шара өткізу жоспарланған. Шара аясында тек мәдени іс-шаралар ғана емес, бірнеше нысанды халық игілігіне бермекшіміз. Бүгін, міне, «Жастар-3» тұрғын үй алабына көгілдір отын берілуде. Осылайша аталмыш алаптағы өзекті мәселелерді біртіндеп оңтайлы шешу көзделген. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін бірнеше шағын ауданды толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл жұмыстар жақсы қарқынмен жалғасуда. Айта кетсем, бүгінде облыс орталығын газбен қамту деңгейі 90,3 пайыздан асып отыр, – деді шаһар басшысы.

Жауаптылардың сөзінше, қазіргі таңда «Жастар-3» тұрғын үй алабында табиғи газ желісімен қатар ауыз су, кәріз жүйесі мен түнгі жарықтандыру толық жүргізілген. Сондай-ақ жол сапасын жақсарту мақсатында аталмыш аумақтың 3,5 шақырымына  асфальт төсеу жұмыстары тамыз айында басталып, жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал 2026 жылы жалпы 8,5 км көшеге асфальт жабындысы төселеді.

Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.