Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жол сапасы қатаң бақылауда

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы бірнеше көшені аралап, қолға алынған жұмыстардың сапасын тексерді.

15 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жол сапасы қатаң бақылауда
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл жолғы аралау барысында алдымен Шевченко–Құрманов көшелеріне ат басын тіреген Ернат Дүйсенбекұлы ондағы жер қазу жұмыстарынан кейін асфальттың дұрыс қалпына келтірілмегенін көріп, оны атқарған мердігер мекеменің жұмысын сынға алды. Себебі биыл аталған аумақтарда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жобасы аясында «Диас Проект» ЖШС мердігер ұйымы құбыр төсеу жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда аталған кәсіпорын өз міндетін толық атқармағандықтан, осындай олқылықтарға жол берілген. Осыған байланысты қала әкімі оларға қатаң ескерту жасап, жіберілген кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды.

– Халықтың күнделікті жүретін жолы – бұл бірінші кезектегі басты мәселе. Өйткені қаланың әрбір тұрғыны сапалы жолмен жүруге құқылы. Мен сіздерге өз жауапкершіліктеріңізді сезініп, бір апта ішінде бүлінген көше жолдарын толық қалпына келтіруді тапсырамын. Бұл жерде жұмыстың сапасымен қатар, уақыт та маңызды, – деді шаһар басшысы.

Осыдан соң қала әкімі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Қабанбай батыр және Рүстембеков көшелеріне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Онда да ол құрылыстың өте баяу жүріп жатқанын ескертіп, мерзімнің тым созылып кетпеуі керектігін айтты.

Қала тұрғындарының айтуынша, бүгінде Талдықорған қаласы бойынша жол жөндеу, халықты табиғи газбен қамту, сондай-ақ су және жарық желілерін жүргізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл – көптің көңілінен шыққан құптарлық бастама. Дейтұрғанмен әкім ескерткендей, газ және басқа да құбыр жүргізуші құрылысшылардың салғырттығынан кейбір көшелерде қазылған жер дұрыс жабылмай қалуда. Кейін шала жабылған жолдар ойылып, қаладағы көлік қозғалысын қиындатып, жұртты әбігерге салатыны анық.

                                                                                                                                   Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары

Бүгін, 08:55
Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.