Жауаптылардың сөзінше, жыл бойы тұрақты түрде жалғасып келе жатқан тазалық шаралары қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Бейсенбі күнгі өткен тазалық акциясына шаһардағы коммуналдық мекемелер мен спорт мектептерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және ерікті тұрғындардан 150-ден астам адам қатысқан. Олар өздеріне тиесілі іргелес аумақтарды ретке келтіріп, көшелер мен аулаларды ағаш жапырақтары мен күл-қоқыстан тазартып 45 тоннадан астам қалдық жинаған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір Талдықорған қаласы бойынша, шаһар тазалығына 900-ден астам жұмысшысы бар 8 кәсіпорын жауапты. Бұдан бөлек «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Сәрсенбі», «Таза Бейсенбі», «Сенбілік» сынды тағы басқа да тазалық шаралары жиі өтеді. Мұндай кезде қатысқан адамдардың барлығы тиісті құрал-саймандармен толық қамтылып, жүк көліктерімен басқа да техникалар жұмылдырылады. Ал «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы енді әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын. Сонымен бірге коммуналдық сала мамандары қазір күнделікті қала көшелерін, жол жиегін, арық жүйлерін, саябақтар мен ықшам аудандарды ағаш жапырақтарынан тазартып, қураған ағаштарды кесуде.
Айдын КӘЛІМХАН





