Талдықорған қаласындағы тіл оқыту орталығының директоры әрі коалиция мүшесі Жеңіс Жолдыбаев еліміз үшін маңызды тарихи сәтте өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бүгінгі күн жаңа Ата Заңның қабылдануы жолында барша қазақстандықтардың ерік-жігері бірігетін ең елеулі оқиғаның бірі.
Қоғам белсендісі саяси науқанға жалғыз емес, отбасы мүшелерімен бірге келіп, жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. №432 сайлау учаскесінде дауыс берген ол өз әсерін былайша жеткізді:
«Мен осы елдің азаматы ретінде, киелі Жетісу жері, Талдықорған қаласының тұрғыны, коалиция мүшесі ретінде отбасыммен №432 учаскеге барып, тарихи күннің куәсі болып, өз таңдауымызды жасап қайттық. Мемлекет болашағы үшін әрбір іс берекелі болғай!»
Тіл оқыту орталығының жетекшісі ретінде Жеңіс Жолдыбаевтың бұл қадамы білім мен мәдениет саласы өкілдерінің де конституциялық реформаларға зор үміт артатынын аңғартады.





