Талдықорған: +14°C
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәрбие – тал бесіктен

07.10.2026
КҮНДЕРЕК
Тәрбие – тал бесіктен
WhatsAppTelegramFacebook

Бала – тұтас қоғамның айнасы. Оның бүгінгі мінезінен ертеңгі елдің болашағы көрінеді. Қазақ: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтпаған. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейін көргені, естігені, сезінгені оның мінезі мен болмысына іргетас қалайды. Бүгінде бала тәрбиесі жайында сөз көп болғанымен салмақты мәселенің түйіні тарқап біткен жоқ. Астана қаласында «Degdar bala» балаларды ерте дамыту орталығын ашқан кәсіби журналист, PR менеджер, орталықтың негізін қалаушы Динар Шахаймен бала тәрбиесінің бүгінгі ахуалы, ерте дамытудың мәні және ұлттық тәрбиенің бала болмысына әсері жайында әңгімелестік. Динар Шахайдың ерекшелігі – баланың дамуын құр академиялық дағдымен шектемей, оны қазақы тәрбие, ұлттық құндылық, ана тілі мен салт-дәстүрмен сабақтастыра қарауында.

– Әңгіменің әлқиссасын баланың бүгінгі болмысынан бастасақ. Соңғы жылдары балалардың сөйлеуі, өз ойын жеткізуі, ортаға бейімделуі, зейін қоюы сияқты дағдылардың кешеуілдеп жатқанын жиі естиміз. Мұның түп-төркіні қайда жатыр? Расында бала ма, әлде оны тәрбиелейтін орта өзгерді ме?

– Бұл жерде бала да, баланы тәрбиелейтін орта да өзгерді деп ойлаймын. Өйткені бізді тәрбиелеп өсірген ата-анамыздың заманы басқа еді, бүгінгі қоғамның тынысы да, талабы да бөлек. Сондықтан қазіргі баланың болмысын, ұстанымын, жеке құндылықтарын ескере отырып тәрбие беруіміз керек. Өзім де екі бала тәрбиелеп отырған анамын. Ата-анамыз кеңестік кезеңдегі орыстандыру саясатын көрген ұрпақ болса да бізді қазақы тәрбиеге баулыды. Ал бүгінде қалада дүниеге келген балаларымызды қазақыландырудың өзі кейде ата-анаға үлкен сын болып отыр. Тіпті өздері қазақ тілінен алыстау өскен кейбір таныстарымыз баласын одан әрі орыс тілді ортаға бейімдеп жатады. Сондықтан біздің орталықтағы басты ұстанымдардың бірі – баламен таза қазақ тілінде сөйлесу, қазақ тілінде ойлауына, ойын еркін жеткізуіне жағдай жасау. Тіл баланың болмысын қалыптастыратын негізгі арнаның бірі. Меніңше, мәселенің түп-төркіні ең алдымен ата-ананың өз ұстанымын айқындаудан басталады. Әр ата-ана өзіне: «Менің балам қандай тұлға болып қалыптасады екен?» деген сауалды қоюы қажет. Себебі балабақшаға барғаннан немесе мектеп табалдырығын аттағаннан емес, бала ана құрсағына біткен сәттен бастап тәрбиеге негіз қаланады. Ал баласына дұрыс бағыт бергісі келген ата-ана әуелі өзімен жұмыс істеуі керек. Балаға айтқан ақылыңнан бұрын өзіңнің күнделікті ісің мен болмысың үлгі болады.

– Бала дамуына әсер ететін нақты факторларды таразылап көрсек, ең әуелі қайсысын атар едіңіз? Телефон мен гаджет пе, ата-ананың балаға уақыт бөле алмауы ма, әлде баланың тым ерте ақпарат тасқынына түсуі ме?

– Меніңше, мұнда бір ғана факторды бөліп алып қарауға болмайды. Дегенмен бүгінгі бала өміріне ең ерте әрі елеулі араласатын дүниенің бірі – гаджет. Бізге дейінгі талай ұрпақ телефонсыз-ақ тәрбиеленіп, тұлға болып қалыптасты. Ал қазіргі балалар дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай телефон мен гаджетке үйреніп жатады. Сондықтан оны біржола тыйып тастаудан бұрын баланың жасына қарай қолдану уақытын белгілеп, ата-ана тарапынан үнемі бақылау болғаны дұрыс. Кейде бала мазасызданса немесе көңілін аулау үшін ата-ана қолына телефон ұстата салады. Бұл бір сәтке ыңғайлы болғанымен баланың даму кезеңінде оның орнына ата-ананың әңгімесі, бірге ойнауы, кітап оқуы, қимыл-қозғалысы мен жақын қарым-қатынасы әлдеқайда маңызды. Бүгінде ата-ананың балаға уақыт бөлу мәселесі де өзекті. Жұмыс, тұрмыс, күнделікті күйбең тіршілік арасында баламен сапалы уақыт өткізуге мүмкіндік азайып барады. Ал баланың қалыптасу кезеңінде ата-ананың назары мен жылуы аса қажет. Сөйлеуі, қарым-қатынасы, зейіні мен мінез-құлқындағы өзгерістерді де ең алдымен ата-ана байқайды. Сондықтан балаға жеткілікті уақыт бөліп, оның дамуын ерте жастан бақылау маңызды.

Қазір балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты түрлі диагноздар жиі айтылып жүр. Мұндай жағдайда бірден гаджетті немесе басқа бір факторды нақты себеп деп көрсетуге болмайды. Әр баланың даму ерекшелігі әртүрлі. Ең маңыздысы – баланың бойындағы өзгерісті дер кезінде байқап, қажет болса маманға жүгіну және алдын алу шараларын ерте бастау. Балаға ең керегі – гаджеттен бұрын ата-ананың уақыты, назары мен дұрыс бағыт-бағдары.

– Қазір кей ата-ана баласының телефонға телміріп отырғанына алаңдайды, бірақ жұмыстан келген соң баламен сөйлесуге өзінде күш те, уақыт та қалмай жатады. Осындай жағдайда жауапкершілікті ата-анаға ғана артып қою қаншалықты дұрыс?

– Бұл өте орынды сауал. Әрине, жауапкершілікті ата-анаға ғана артып қою дұрыс емес. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне ата-анамен қатар мектеп, балабақша, түрлі дамыту және тәрбие орталықтары да өз үлесін қосуы керек. Әсіресе ата-анасы жұмысбасты болып, баласына қажетті уақытты толық бөле алмайтын жағдайда мұндай орталықтардың көмегі зор. Мұны өз отбасымның тәжірибесінен де білемін. Әкем, белгілі фототілші Шүкір Шахай өмір бойы жұмыстың бел ортасында жүрген адам. Біз бес ағайынды өстік. Соның төртеуі мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Ал анамыз бар уақытын бала тәрбиесіне арнады. Мектепке апарып, алып қайтты, түрлі үйірмелерге қатыстырып, бос уақытымызды тиімді өткізуімізге жағдай жасады. Яғни әкеміз еңбекпен отбасын асырап, анамыз тәрбиеге басымдық берді. Екеуінің еңбегі бір-бірін толықтырды. Бүгінде мұндай мүмкіндік барлық отбасында бола бермейді. Сондықтан бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын, оның қабілетін ашып, ой-өрісін кеңейтетін, ортаға бейімдейтін орталықтарға жүгінудің маңызы бар деп ойлаймын. Әрине, олардың дені ақылы. Сол себепті кей ата-ана мұндай қызметтен тартынып жатады. Бірақ мансап пен жұмысты қатар алып жүрген ата-ана баласына өзі жеткізе алмайтын уақыт пен мүмкіндікті осындай орталықтар арқылы толықтыра алады.

– Динар ханым, өзіңіздің «Degdar bala» орталығын құруға не түрткі болды? Балалармен жұмыс істей жүріп, сізді ең көп алаңдатқан қандай мәселе?

– «Degdar bala» орталығын құруыма тұңғыш ұлыммен декреттік демалыста жүрген кезімдегі ізденісім түрткі болды. Сол уақытта бала тәрбиесі мен оның дамуына ерекше ден қойып, осы мәселеге тереңірек үңіле бастадым. Ұлым екі жасқа келгенде Астанадағы балаларды дамыту орталықтарының денін аралап, бағдарламаларын, оқыту әдістемесін, жұмыс жүйесі мен қызмет көрсету деңгейін зерттеп шықтым десем болады. Сол ізденіс барысында бір нәрсеге – Астанада орыс тіліндегі балалар орталықтары көп әрі олардың бағдарламасы, әдістемесі мен сервистік деңгейі жақсы жолға қойылғанына көзім анық жетті. Ал іздегенім – баланы қазақ тілінде тәрбиелеп, дамытатын орта еді. Өйткені балаларымды бес жасқа дейін қазақ тіліндегі фильмдер мен сапалы контентті көріп, ана тілінде еркін өссін деген ұстаныммен тәрбиеледім. Сондықтан олардың әрі қарайғы білім алу ортасы да қазақ тілді болғанын қаладым. Алайда іздегенім табыла қоймады. Қазақ тіліндегі орталықтар болғанымен кейбірінің орналасқан жері көңілден шықпады, енді бірінің сабақ беру жүйесі мен әдістемесі мен күткендей деңгейде болмады. Яғни ата-ана ретінде балама ұсынғым келген талапқа сай ортаны таба алмадым. Содан «Неге мұндай ортаны өзіміз ашпасқа?» деген ой келді. Осылайша ізденістен туған идея бірте-бірте нақты іске айналып, «Degdar bala» орталығын аштық. Ал орталықтың атауын таңдағанда «дегдар» деген сөзге тоқтадық. Дегдарлық – тектілікпен, парасатпен, адамдық болмыспен астасып жатқан ұғым. Мен қазақ баласының білімді болғанын ғана емес, текті, намысты, ұлттық болмысын бойына сіңірген азамат болып қалыптасқанын қалаймын. Осы ұстаным менің намысымды қайрап, өзіміз қалаған ортаны қалыптастыруға деген жігерімді арттырды. «Degdar bala» атауы да осы мақсаттан дүниеге келді.

– Сіз баланың ерте дамуын ұлттық тәрбиемен сабақтастырып жүрсіз. Бүгінгі баланың бойына қазақы мінезді, үлкенге құрметті, кішіге ізетті, сөз қадірін қалай сіңіруге болады? Ұлттық тәрбие баланың заманауи дамуына кедергі келтірмей ме?

– Ұлттық тәрбие бүгінгі баланың дамуына кедергі келтірмейді, керісінше, оның тамырын тереңдетеді деп ойлаймын. Посткеңестік кезеңде қазақ тілін білуге, қазақы болмысқа қысылу секілді түсінік қалыптасқаны рас. Мысалы, италиялық итальяндығынан, неміс немістігінен ұялмайды. Сол сияқты қазақ баласы да өзінің тілі мен ұлтын мақтан тұтып өсуі керек. Сондықтан баланың тілі шыққаннан бастап өз болмысын танытып, қазақы ортада тәрбиелеудің маңызы зор. Әрине, шет тілдерін үйретуге қарсылығым жоқ. Бірақ ең алдымен ана тілінің іргесін бекітіп алған дұрыс. Меніңше, бес жасқа дейін қазақы тәрбие мен қазақ тілін бала санасына сіңіру – оның кейінгі дамуына берік негіз болады.

– Жапония, Финляндия, Оңтүстік Корея секілді елдердің бала тәрбиесі мен білім жүйесіне жиі қызығушылық танытамыз. Сіздіңше, қай ел баланың ерте дамуына айрықша мән береді? Сол елдің тәжірибесінен Қазақстан жағдайына бейімдеп алуға болатын нақты 3 нәрсе қандай?

– Әрине, Жапония, Финляндия, Оңтүстік Корея секілді елдердің бала тәрбиесі мен білім жүйесіне қызығушылық танытамыз. Бірақ өзге елдің тәжірибесін сол күйінде көшіруден гөрі өзіміздің қазақы тәрбие жүйемізге үйлесетін тұсын алғанымыз дұрыс. Мен 3 нәрсеге ерекше мән берер едім. Біріншісі – ойын арқылы оқыту. Үш пен алты жас аралығындағы балаға ұзақ уақыт отырғызып сабақ үйреткеннен гөрі ойнау, көрсету, сезіндіру арқылы білім берген тиімді. Екіншісі – баланың дербестігін қалыптастыру. Киімін өзі кию, аяқкиімін орнына қою, бауын байлау секілді қарапайым әрекеттердің өзін балаға өз бетімен жасатуға үйрету керек. Бұл оның жауапкершілігін арттырады. Үшіншісі – эмоциясын ашық жеткізуге баулу. Баладан «Бүгін өзіңді қалай сезіндің?», «Саған не ұнады, не ұнамады?» деп сұрап, өз көңіл-күйін сөзбен жеткізуге үйрету маңызды. Осы үш дағды баланың әрі танымын, әрі дербестігін, әрі ішкі мәдениетін қалыптастырады.

– Соңғы сұрақты ата-аналарға арнайық. Баласының дамуына алаңдап жүрген, бірақ неден бастарын білмей отырған әке-шешеге дәл бүгіннен бастап қолға алуға болатын бес қарапайым кеңес берсеңіз.

– «Баладан бұрын өзіңді тәрбиеле» деген сөзбен толық келісемін. Сондықтан ата-ана ең алдымен өзінен бастауы керек. Менің бүгіннен қолға алуға болатын бес қарапайым кеңесім бар. Біріншісі – өзіңізді жақсы көріп, өз еңбегіңізді бағалаңыз. Күнделікті істеген ісіңізге көңіліңіз толып, өзіңізге жылы сөз айта біліңіз. Екіншісі – сапалы ұйқыға көңіл бөліңіз. Үшіншісі – спортпен айналысып, қимыл-қозғалысты әдетке айналдырыңыз. Төртіншісі – хоббиге уақыт бөліп, телефон мен әлеуметтік желіден бір сәт алыстаңыз. Күн сайын өзіңізбен жұмыс істеуге уақыт қалдырыңыз. Бесіншісі – дұрыс тамақтануға мән беріңіз. Өзіңізге тілеген осы бес игілікті балаңызға да үйретіңіз. Себебі бала айтқанымыздан бұрын күнделікті көргенімізді бойына сіңіреді.

– Сұхбат бергеніңізге рахмет!

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

07.10.2026
Жетісуда мал шаруашылығының әлеуеті артып келеді

Жетісуда мал шаруашылығының әлеуеті артып келеді

07.10.2026
Қазақстан гендерлік теңдік пен отбасы қауіпсіздігі бойынша есеп берді

Қазақстан гендерлік теңдік пен отбасы қауіпсіздігі бойынша есеп берді

07.10.2026
Өңірлердегі халық табысы қанша?

Өңірлердегі халық табысы қанша?

07.10.2026
Қазақстан әскерінде қаза тапқандар саны 2,5 есе өсті

Қазақстан әскерінде қаза тапқандар саны 2,5 есе өсті

07.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.