Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Таза бейсенбі»: Туған елге деген қамқорлықтың жарқын үлгісі

22 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
«Таза бейсенбі»: Туған елге деген қамқорлықтың жарқын үлгісі
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау бағытында қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясы кеңінен қолдау тауып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында әр апта сайын өткізілетін бұл шара өңірдің түкпір-түкпірінде мыңдаған азаматтарды ортақ іске жұмылдыруда.

Жетісу облысында бұл игі бастамаға «AMANAT» партиясының белсенділері мен жақтастары белсенді түрде қатысып келеді. Бүгінге дейін өңірде 33 мыңнан астам адам акцияға атсалысып, 48 мың тоннаға жуық қоқыс жиналды. Іс-шара барысында өзен-көл жағалаулары, өндірістік аймақтар, жол бойлары, қоғамдық орындар мен демалыс алаңдары тазартылды.

Өткен аптада Сарқан қаласында «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көше жиегінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылды. Ал Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында балалар ойын алаңдарының маңынан 2 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.

Сарқан аудандық партия филиалының төрағасы Жалел Құдияров бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып:

«Таза бейсенбі» акциясы – табиғатты қорғауға бағытталған бір реттік шара ғана емес, бұл – қоғамда экологиялық сананы қалыптастырудың нақты тетігі. Біздің тұрғындар белсенділік танытып, туған жердің тазалығына үлес қосуда. Мұндай игі істер арқылы жастарымызды еңбекке баулимыз, үлкендерімізге үлгі көрсетеміз. Бұл – ортақ жауапкершілік», – деді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек тазалықпен шектелмейді. Олар балаларды еңбекке баулып, қоршаған ортаға деген қамқорлықты, туған жерге жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға сеп болады. Мәселен, Текелі қаласында партия мүшелері №3 орта мектеп аумағын ретке келтіріп, оқушылар үшін жағымды орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, өткен жылдың 6 маусымынан бері «AMANAT» партиясының мүшелері мен мыңдаған еріктілері әр бейсенбі сайын қалалар мен ауылдарда, саябақтар мен скверлерде, ескерткіштер мен су айдындары маңында тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.