Текелі қалалық ауруханасының медицина қызметкерлері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекеме директоры Аслан Қалибековтің жұмысын тексеру туралы өтініш жасады.
Дәрігерлер оны тағайындағаннан кейін пайда болған көптеген заң бұзушылықтар мен мен күрделі мәселелер туындағанын алға тартты. Аурухана қызметкерлері жаңа басшының келуімен әкімшілік қызметкерлер құрамы күрт өскенін баян етті.
Мекемеде директордың екі орынбасары, жаңа бас бухгалтер, кассир және үш аға медбике қызмкетке келген. Бұл қызметкерлердің көпшілігінің біліктілігі төмен және лауазымдық міндеттерін толық орындамайтын көрінеді.
Аслан Қалибековтің өзі, дәрігерлердің айтуынша, хирургия бөлімінде ресми түрде 0,25 жүктемені иеленген, бірақ ол бұл бағыттағы міндетін іс жүзінде орындамайды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді қолдануға қатысты теріс әрекеттер орын алған.
2024 жылдың маусымында бас медбикенің міндетін уақытша атқарушы актілер мен хаттамалар жасамай, антибиотиктерді қоса алғанда, бөлімшелерден өмірлік маңызды препараттарды алып тасталды. Дәрігерлер бұл дәрі-дәрмектер пациенттердің өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін айтады, бірақ олар бөлімшелерге берілмеген.
Қаржының жетіспеген жағдайында, аталмыш дәрі-дәрмектер мен жабдықтарды сатып алу қиындайды. Дәрігерлердің ашуын жаңа бас бухгалтерге төленген 2 миллион теңге аванс келтірген. Медициналық ұжым биліктен қазіргі жағдайға назар аударуды және басшылықтың іс-әрекетін тәуелсіз тексеруді сұрайды. Ұшым бұл әділетсіздікті қалпына келтіруге және ауруханадағы жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермейді деп үміттенеді.
Фото: Видеодан алынған кадр





