Талдықорған: +36°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тел ғұмыр – текті тұғыр

04.11.2025
КҮНДЕРЕК
Тел ғұмыр – текті тұғыр

Жеңіс ЫСҚАБАЙ

WhatsAppTelegramFacebook

Олар жарты ғасыр бойы жұп жазбай тірлік кешіп, мынау жарық ғаламда өз елінің өнері үшін барын салды. Шолпан Жандарбекова, Бикен Римова секілді қадау-қадау ұлы ұстаздарынан жалғасқан кемелдік кілтін келешек ұрпақтың қолына табыстау үшін ұстаздық етті, кино және театр өнері жолында маңдай терлерін шүмектетті. Бірі – Төле би баба жатқан топырақтағы Бостан ауылынан бозбала арманын үкілеп Алматысына асыққанда, бірі – мұзбалақ Мұқағалиды тудырған Хан Тәңірі баурайынан білім айдынына құлаш ұрды. Осылайша оқу ордасында табысқан тағдырлар тұғырлы тұлғаға айналып, бүгін 75 жылдық биікке тегеурінді екпін, телегей еңбек арқалап көтерілді.

Талант тектеген, құндылық құнттаған киелі оқу ордасында-ақ бір-бірімен көңіл жарастырып, үлкен өмірге ерлі-зайыпты болып қадам басқан Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Кенжебекова театр сахнасында 50 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келеді. Өнер мен өмірде қатар жартығасырлық сүрлеу-сүрдекті еңсеріп, дара дарынымен оны даңғылға айналдырған дегдарлардың қуанышы көпке ортақ мерей екен. Елі сүйген тұлғаның әр белесі жұртының жарасымды тірлікте айта жүрер, алқаусыз толғар тақырыбына өзек іспетті елес береді-ау. Мұны біз Жетісу жерінде, Талдықорған төрінде өткен мерейтойда анық аңғардық. Ел қошеметіне бөленіп, азаматтары ардақтаған шығармашылық кеште ет жүрекпен сезіндік.

Рас, Бикен Римова атындағы драма театрында қазақ сахна өнеріндегі жұлдызды жұп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбай- ұлы мен Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекованың 75 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде – 50, өмірде – 75» атты шығармашылық кеші мазмұнымен ерекшеленеді.

Құтты мекеннің ғана емес, күллі қазақ елінің мақтанышына айналған қос тұлғаның мерейтойы Талдықорған төрінде айрықша атап өтілді. Сонау 1975 жылы балауыз арман білтесін тұтатқан Шолпан апа Жандарбекованың курсын бітірген қарлығаш қиял жастардың алғы легінде келіп Талдықорған драма театрының шымылдығын түрген Кендебай мен Алмахан жартығасырлық еңбек жолының ізі сайраған, өзі де 50 жылдық тарих түзген театрдың текті сахнасында еліне шығармашылық кеш ұсынуы заңдылық. Ал бұл тойдың көш-керуенінің басында облыс әкімі Бейбіт Исабаев, театр және кино өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрқанат Жақыпбай, Дариға Тұранқұлова бастаған өнердегі әріптестері, зиялы қауым өкілдерінің бой көрсетуі, өнерсүйер жұртшылықтың қатысуы да қағидалы дүниедей. Ал Өзбекстан мен Қырғыз елінен келген өнер иелері рухани кештің арнасын кеңітті.

Жетісу жерінің мақтанышына айналған қос тұлғаның тойына келген қадірменді қонақтар алдымен театр фойесіне қойылған сахна саңлақтарының шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Онда сахналық киімдері, спектакльдердегі рөлдерінен фотосуреттер, жалпы өнерлеріне қатысты басқа да бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Рухани шара басында бейнефильм жұртшылық назарына ұсынылса, алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қос саңлақтың өмір жолы мен шығармашылық жолдағы еңбегін ерекше атап өтті.
– Өнерде де, өмірде де тағдыр жолы тоғысқан сахна саңлақтары көп емес. Сол аз шоғырдың ішінде сіздердің есімдеріңізді біз әрдайым құрметпен атаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды Бикен Римова атындағы театрдан бөліп қарау мүмкін емес. Ең алғаш осы театрдың іргетасын қаласып, сахна шымылдығын ашқан, табан аудармай жарты ғасыр бойы өнерге қызмет етіп келе жатқан сіздерге жетісулықтардың атынан ерекше ризашылығымды білдіремін, – деген облыс басшысы қос тұлғаның иығына шапан жапты.

Мұнан соң Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттарын депутаттар Жанарбек Әшімжан мен Болат Керімбек оқып берді.

– Қасиетті Қарасаз бен Қайнардың қара қызы, Алаштың дара қызына айналды. «Арғы беттен қарғып өтіп» Төле би бабамыз жатқан топырақтан осы жаққа келіп Алмахан әпкемізді тауып, жұп жазбай қазақтың өнерін, ұлттық мұратын аспандатып жүрген Кендебай ағамыз екеуі Бақтыбай мен Қабылиса бабаларымыздың, Ілияс пен Ақын Сара дараларымыздың бесігін тербеген өңірден алғаш театр ашып, сол өнер шаңырағымен бірге өсіп-өнді. Өнерлерімен өз өмірлерін өре жүріп театрдың дәуірлеген, құлдыраған тұсында да еселі еңбек етті. Сол арқылы бірі әз ана, бірі абыз ақсақал биігіне көтерілді. Қазақ өнерінің, әсіресе өңірлердегі театр тарихының ақ бастау, асыл тұғырында екеуіңіздің еңбек пен есімдеріңіз айрықша, – деп лебізін білдірген Жанарбек Әшімжан ағыла сөйледі. Сондай-ақ, депутаттардың ақ сәлемін арқалап келген олар мерейтой иелерінің иығына шапанын жауып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ақын Төлеужан Ғұмар Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің де құттықтауын жеткізді.

Құттықтау легінен кейін қос тұлғаның шығармашылығына арқау болған ғажайып кеш көрермен назарына ұсынылды. Абай атындағы опера және балет театрының өнерпаздары, «Иль-Канто» квартеті, «Қоңыр» тобы әннен шашу шашты. Театр жастары Алмахан Нұрпейісқызының өлеңдерін оқыды. Апамыздың актерлік, композиторлық қырын жақсы білетін жұртшылық үшін ол кісінің ақындық әлемі жаңа ашылған аралдай әсер етті. «Дәнеш аға», «Фариза», «Қызыма», «Жапырақ жүрек жас қайың» секілді бірқатар әндері орындалды. Қос актер түскен «Көшпенділер», «Бір уыс бидай» сынды бірқатар фильмнен, олар қатысқан телехабарлардан үзінділер берілді.

Рас, өнерлі адам қай қырынан келсе де талант тұғырынан төмендемек емес. «Мен етікші болсам да данышпан болар едім…», – деген Толстой даналығы осындайда ойға оралады екен. Бір өзі үлкен мектеп саналған, театр сахнасы мен қазақ кино әлемінде еселі еңбек ете жүріп ақындық қырын танытар отты өлеңдер жазған, рухани әлемде көз тастар көкжиегіне айналған Мұқағали Мақатаев бастаған шайырлардың жырын әнге айналдырған Алмахан Кенжебекова өн бойы өнерге толы жан. Ол – композитор, ақын, драматург, әнші, актер, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз. Рухани һәм шығармашылық кеште осынау дегдар тұлғаның, «Сіз Шолпан, Бикен апалардың жолын қуып, бүгінде сол биікке көтерілдіңіз» деп Жанарбек Әшімжан айтқандай, ел анасы дәрежесіне жеткен Алмахан Нұрпейісқызының әсем әндері әуеледі.

«Мен Алмахан Кенжебекованың сырлы да сазды әндеріне, әуезді шығармашылығына қарап отырып айрықша сүйсіндім. Жан толқынысы мен өмір ағысында жүрегін тулатқан дүниелерді музыка құдіреті арқылы лайықты деңгейде паш ете біліпті. Актерлік ауыр міндет арқалай жүріп композитор есебінде осындай ерекше шығармашылық із қалдырғаны таңдандырады, сүйсіндіреді», – дейді белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев шығармашылық кеште ұсынылған музыка туындылары хақында.

Кәсіби музыка майталманының лебізі, жүрек толғамы біздің де көңілге қонақтайтын парасатты пайым екені шүбәсіз. Өйткені, Халық әртісінің бір ғана Мұқағали ақынның сөзіне жазылған «Түйелер» әні бүкіл қазақ халқының, көшпелі өмір салтымен күн кешіп мыңжылдықтар бойы мызғымай Тұран даласын еркін билеген ата жұртымыздың құндылығын, тарихын, шежірелі өмірін көз алдымызға алып келер ұлы дүние. Бұйрат құмдары бұйыққан сахараның үстінде жөңкіген Ойсылқара төлінің қазақ танымымен сіңісіп кеткені ғана емес, «аттың жалында, түйенің қомында» тірлігі дәуірлерге шанақ болған шарболаттай берік халықтың тұтас шежіресі жатыр бұл әнде. Талантты жазушы Асқар Сүлейменовтың сөзімен айтсақ «Шикарно!» деп тамсанар классикамен тұжырымдалған шығармашылық кештің соңы «Ақпейіл» мейрамханасында жалғасын тапты.

Иә, облыс әкімінің қолдауымен өткен «Өнерде – 50, өмірде – 75» мерейтойлық кештен жетісулық жайсаң жұрт үлкен толқыныспен тарқасқанын айта кеткен жөн. Телғұмыр тұлғаның қуанышынан кейін қарапайым жандардан да пікір сұрадық. Солардың ішінде Әлия Малғаждар есімді көрермен:

– Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Жалпы театр қойылымдарының тұрақты көрерменімін. Осындай кеш өтетінін әлеуметтік желіден оқып біліп, арнайы келдім. Біздің театрдың белді актерлері, абыз ақсақалы мен анасына айналған Алмахан апай мен Кендебай ағаның өнер жолынан тағылымды дүниелер алдым, – дейді.

Айта кетерлігі, қос актер Шолпан Жандарбекованың класын бітіріп, алғашқы еңбек жолын жаңа құрылған Талдықорған театрында бастап, елу жыл сахнаға адал қызмет етіп келеді. Алмахан Кенжебекова – Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің, Ұмай сыйлығының иегері, Алматы облысының, Райымбек ауданының Құрметті азаматы. Ол Мұхтар Әуезовтің «Абай» драмасында Айгерім, «Хан Кенесінде» Бопай, Бек Тоғысбаевтың «Ақын Сара» пьесасында Сара, Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» қойылымында Жәмилә, т.б. көптеген рөлді сомдады, сол сияқты көптеген фильмге түсті. Ал Кендебай Темірбайұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы. Ол Шыңғыс ханнан бастап, Әлихан Бөкейхановқа дейін қаншама хандар мен батырлардың, қайраткерлер мен ақындардың, басқа да кейіпкерлердің образын сахнаға алып шықты. Ол сомдаған Махамбет, Мұқағалилар актердің шығармашылығын шыңдады. Театр ұжымы өткізген бұл мерейтойлық шараның мақсаты – ұлттық сахна өнерінің дамуына зор үлес қосқан майталман тұлғаларды дәріптеу, олардың бай шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау және жас актерлерге өнеге ету. Рухани кеш осы үдеден шықты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.