Жетісу облысында Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асуда.
Ақсу ауданында 108,7 шақырымды құрайтын арна жаңғыртылып, бүгінгі күнге дейін тазаланып, бетондау, құрылымдар орнату сияқты жұмыстары жүргізілуде. Ал Көксу ауданында 2023 жылы басталған жаңғырту аясында 11 шақырымдық арна жөндеуден өтті.
Жоба 6,8 мың гектар жердің суару жүйесіне әсер етпек. Сонымен бірге, бірнеше су арнасының құрылысы жүріп, құрылымдар орнатылып жатыр. Жобалар алдағы жылы пайдалануға берілмек. Мамандар жұмыс аяқталған соң 18,3 мың гектар алқаптың суару жүйесі жақсаратынын айтады. Құрылыс ісі кестеге сәйкес орындалуда.
А. Байжұмақызы





