Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тиімді төлем жасау — заман талабы

30.06.2018
КҮНДЕРЕК
Тиімді төлем жасау - заман талабы
WhatsAppTelegramFacebook

Жаһандану заманында адам санасының өсуіне орай дүние де өзгеріп, жаңа тенденциялар қалыптасып жатыр. Мәселен, алдағы санаулы жылда әлемнің бірнеше елінде қолма-қол төлем жүйесі мүлде жойылуы мүмкін. Яғни, қазіргі купюралар да, монеталар да айналымнан шығып, оның орнын карточкалық төлем жүйесі басады.​

Дамыған және дамушы елдердің бұл қадамға бірден бармасы анық. Сол үшін қазір қолма-қол ақшадан бас тартуды экономист-ғалымдар кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін талқылап жатыр. «Ең алдымен, ірі купюраларды басып шығаруды тоқтатып, қолма-қол ақшамен ірі көлемде сауда жасауға тыйым салынуы керек», – дейді олар. 
Бүгінде қолма-қол ақшаға қарсылық білдіріп отырған әлемдік сарапшылардың саны өте көп. Мәселен, Давоста өткен дәстүрлі форумда Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглиц бүкіл әлемге «қағаз» ақшадан бас тартып, сандық валютаға өтуді ұсынды. Америка, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты бірқатар алып мемлекеттер бұл жүйені толығымен қолға алмақ. Жалпы, бұдан кез келген ел билігінің ұтары көп. Атап айтқанда,  бүкіл сауда жүйесін мемлекет бақылауына алады. Демек, бұрынғыдай ешкім салықтан да жалтара алмайды. Өйткені, әрбір сауда операциясы банктер арқылы жүргізіліп, кімнің қанша ақша жаратып жатқаны тіркеліп отырады. Карточкалық төлем жүйесінің тек билікке емес, халыққа да тигізер пайдасы көп. Бухгалтерияға кірмей-ақ, банкке шапқыламай-ақ жалақымызды ала аламыз, несие алып немесе депозитімізге ақша сала аламыз. Арнайы орындарға бармай-ақ салықты, коммуналдық төлемдерді төлеп, тіпті керек-жарағымызды дүкеннен сатып алуға болады. 
Төлем карточкалары әлемде 60 жылдардан бастап кеңінен қолданыла бастады. Ал бізде 1994 жылы даму жолына түсті. Бұл күндері қазақстандық пластикалық карталар жүйесін жекелеген халықаралық төлем жүйелері тез дамып келе жатқан сала ретінде мойындап отыр. Мұндай жоғары баға ел ішінде карточкалар санының тез өсуіне байланысты болса керек. Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, 2000 жылы  950 мың карточка шығарылса, қазір бұл көрсеткіш 14,5 млн. данаға жетіп, тұтынушылар қатары көбейе түскен. Бүгінгі таңда төлем карточкаларын тұтынушылар 80 пайызға жеткен. Төлем картасының тұтынушы үшін қандай артықшылығы барын банк маманынан сұрап көрдік.
Досбол Арыстанбеков, «Қазақстан Халық банк» АҚ PR-менеджері:
– Картамен төлем жасау қауіпсіз. Оның үстіне 3D secure қорғанысы енгізілген карталарда, сәйкесінше ғаламтор арқылы жасалған кез келген сауда-саттық халықаралық төлем жүйесі тарапынан қорғалады. Сондай-ақ мейрамханаларда, дүкендерде және басқа да төлем карталарын қабылдайтын мекемелерде қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу арқылы белгілі мөлшердегі жеңілдіктер мен бонустарды алу мүмкіндігі туады. Төлем карталар жүйесіне ауысу арқылы шығындарды қадағалау мүмкіндігі бар. Нақтырақ айтсақ, қолданушыға ақшаны қанша және қайда жұмсағанын еске сақтаудың қажеттілігі жоқ. Тек жай ғана интернет-банкинг бөлімінде толыққанды ақша қозғалысын қадағалап, тіпті мобильді банкингке қосылу арқылы әрбір транзакция бойынша СМС-хабарлама алып отыру мүмкіндігі болады. Қосымша Банк серіктестерінің желісінен картамен төлем жасаған сәтте карта қолданушысы бонустарға ие болады. Сондай-ақ, ата-анасына, достарына, туыстары мен таныстарына тек мобильді құрылғының көмегімен қаражатты аудару өте ыңғайлы және оңай. Сонымен қатар, картаның иелері мобильді қосымшаның көмегіне жүгіну арқылы коммуналдық қызметтерге, мобильді байланыс және өзге де қызмет түрлеріне үйден шықпай-ақ төлем жасай алады.
Төлем карталарының тағы бір артықшылығын шетелге жиі сапарлайтындар жақсы біледі. Баршаға мәлім, кеден бекетінен өтер кезде қалтаңда ірі ақша болса, декларация толтыруың қажет. Яғни, аталған құжатта шетелге қанша сома алып бара жатқаныңды, оны не мақсатта жарататыныңды толық көрсетуің тиіс. Ал карточкаға ақша салып шықсаңыз, онда ешкімнің шаруасы жоқ. Оның үстіне, Батыстың кей елдерінде қонақүйлер тек төлем карточкасымен ғана есеп айырысады.
Әділбек Әміржан, Алматы тұрғыны:
– Төлем карточкасын қолдану маған өте ыңғайлы. Себебі, банкке бармай-ақ жеке есепшотымдағы қаржыны игеріп отырамын. Қажетті төлемдерді, сауда орындарында алған керек-жарағымды карточка арқылы тез төлеп, бонустарды пайдаланамын. Мысалы, іссапарлармен басқа қалаларға, шетелдерге жиі шығамын. Ұшақ билетінен бастап, ол жақтағы орналасатын жеріме дейін барлығы карточка арқылы шешіледі. Қалтамда артық ақша жүрмейді. 
Сонымен қатар, айта кету керек, карточкасында сақтаулы тұрған ақшасынан айрылып қалып жатқандар да кездеседі, олар – интернет-алаяқтарының құрбандары. «Алаяқтарға алданбау үшін ең алдымен тұтынушы аңғал болмауы керек», – дейді банк мамандары. Картаны қолданушылар алданып қалмауы үшін карта нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, карта иесінің деректері мен картаның артқы бетіндегі кодты, сондай-ақ, бір реттік парольдар мен интернет-банкинг жүйесіне кіруге арналған деректерді құпия сақтауы тиіс. Телефоныңызды жоғалтып немесе ұрлатып алған жағдайда шұғыл түрде мобильді операторыңызға жүгіну арқылы СИМ-картаңызды бұғаттау қажет.
Жалпы, біле білген адамға карточкалық төлем жүйесінің артықшылықтары расымен де өте көп. Мәселен, сіз ақшаңызды дүкенде, автобуста, базарда немесе өзге де қоғамдық орындарда ұрлатып алмайсыз (өкінішке қарай, біздің елде қылмыстың бұл түрі өте жиі кездеседі). Қалтаңыздан түсіп те қалмайды. Ал карточканы жоғалтып алсаңыз, ақшаңызға еш қауіп жоқ. Жаңа карточка жасатып алуыңызға болады.

Мақпал МЫСА
Қапшағай қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.