2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалану үшін өтініш бере алмайды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Осы күннен кейін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы стоматологиялық қызметтерге қаражат алу өтініштері қабылданбайды. Ал 15 қыркүйекке дейін түскен өтініштер штаттық тәртіппен қаралады», – деп мәлімдеді Отбасы банкінің баспасөз қызметі.
Банк өкілдері өтініштерді қайта қабылдау мерзімі туралы қосымша ақпарат берілетінін атап өтті.
Ресми дерекке сүйенсек, зейнетақы жинақтары есебінен стоматологиялық қызметтерге жалпы көлемі 435,1 миллиард теңге бағытталған. Оның 98 пайызы протездеу мен имплантацияға жұмсалған.





