2025 жылғы 5 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның «Аваза» конгресс-орталығында өткен Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов арнайы күтіп алды.
Айта кетейік, конференцияның мақсаты – теңізге тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің экономикалық өсімін ынталандыру, көлік-логистика жүйелерін дамыту және жаһандық саудадағы олардың үлесін арттыру.
Қазақстан аталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап келеді және өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге белсенді атсалысуда.





