Талдықорған: +11°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТӨРЕҒАЛИ ТАҒЫ ДА ҚЫР КӨРСЕТТІ

18.10.2018
КҮНДЕРЕК
ТӨРЕҒАЛИ ТАҒЫ ДА ҚЫР КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook
Бұл жолы өмірде емес, өнерде. Дәлірек айтсақ, «Ұлы дала комедиясы» фильмінде Төрағали түрмеге түсіп қалып, абақты қызметкерлеріне қыр көрсетіп, кеудесін кереді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша және Алматы облыстық  жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Талдықорған шаһарында эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің “Ұлы дала комедиясы” атты кинотуындысының тұсаукесері өтті. Тың туынды көрсетілмес бұрын шығармашылық топ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесті.
Онда фильмде басты рөлді сомдаған Төреғали Төреәлі, Мадина Оспан, Жанболат Найзабеков, қоюшы режиссер Дархан Саркенов, продюсер Біржан Ескендір және бас продюсер Төреәлі Әлиханұлы бір ай көлемінде түсірілген фильм жайлы жан-жақты баян етті. Қазақ кино өнері қорына қосылатын туындының негізгі мазмұны тұрғысында ой өрбіткен шығармашылық топ мүшелері өз кезегінде отбасылық құндылықты дәріптеуге бағытталған бұл  фильмнің тағылым алар тұсы көп екенін айтты. Сонымен қатар, ақпарат айдыны өкілдерінің түрлі сауалдарына тұшымды жауап беріп, көрерменге жол тартқан тың туындыны көруге келгендерге алғыстарын жеткізді.
«Атамекен» кинотеатрында аталмыш туынды көрсетілді. Кинода қазақы елінің ерекесі саналған Төреғалидың жұлдыздық ғұмырынан сыр шертіледі. Әншілік атағының аспандағаны сонша, өз туған күнін клубтарда тойлап, сарғая күтіп отырған ата-анасының пейіліне пысқырып та қарамайтын жағымсыз эпизодпен басталған кино көрерменді бірден баурап алады. Иә, табиғат берген дарын арқасында даңқының жер жаңғыртқанына мастанған әнші ішімдікке сылқия тойып алып, жол жүргізу ережесін бұзады. Есін жиғанда темір торда жатқанын біледі. «Ұлы дала баласымын» деп абақты күзетшілеріне қыр көрсетеді. Адал достың көмегімен әупірімдеп жүріп, темір тордан босатылады. Досының жетектеуімен өзі танымайтын отбасыға келеді. Онысы өзінің жан жары, құлай сүйген адал серігі болып шығады. Ата-анасына барса: «Сендей баламыз болған емес. Танымаймыз», — деп шаңырағынан қуып шығады. Жаны күйзелген, жақындарынан алыстаған елдің еркесі осылайша қым-қиғаш, шым-шытырық оқиғаларға ұласқан өмірден жан сақтау бөлімінде есін жинағанда бір-ақ құтылады. Сөйтсе, жақыны жаттай болған оқиғалар өмір мен өлім арасанда жатқанда көрген ұзын-сонар түсі, ал бұл халге туған күннің кешінде мастықпен жол сақшыларынан қашам деп оқыс оқиғаға тап болғаны салдарынан түскен екен. Осылайша атақ-даңққа мастанған жұлдыз бір сәтте қарапайымдылықтың шекпенін киіп, бір сүріну арқылы үйінде тағатсыз күтіп отырған ата-ананың, қылығына көніп жүрген сұлуының қадірін біледі. Өзін көкке көтерген халық екенін пайымдайды.
Жаңа туынды еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Діннің қоғамдық маңызы және орны

Діннің қоғамдық маңызы және орны

27.03.2026
ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

27.03.2026
Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.