Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тұрғындар риза

27.10.2024
КҮНДЕРЕК
Тұрғындар риза
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан  50-70 жыл бұрын пайдалануға берілген Талдықорған қаласындағы 28 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен 420 млн. теңге қаржы қарастырылған.

– Өткен жылы қаладағы 1950 – 1970 жылдары салынған көпқабатты үйлерді толық зерделеп, тозығы жеткен шатырларды ауыстырып, сылағы көшкен касбеттерді жаңартуды жоспарлағанбыз. Сол бойынша қаладағы 28 үйдің шатырына бюджет есебінен ағымды жөндеу жұмысы жүргізілуде. Қазан айының басында басталған 10 үйдің шатыры ауыстырылып болды. Қалғандары  ауа райы қолайлы болған жағдайда  20 қарашаға дейін бітеді. Сондай-ақ, 6–7-ші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің түсіп қалған 2120 шаршы метр қасбетін жөндеу жұмысы аяқталды,  – дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.

Бұл жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Келесі жылы шамамен 30-ға жуық үйдің шатыры жаңаланып, Назарбаев және Жансүгіров көшелерінің бойындағы ескі үйлердің қасбеті толық жаңартылады. 

Бюджет есебінен шатырларды ауыстыру, үйлердің қасбетін жаңарту ең алдымен қаланың келбетін көріктендірсе, екіншіден, тұрғындардың көңілін көтереді. 
Айта кетерлігі, құрылыс жұмысымен «АЙД СТРОЙ» ЖШС  айналысуда. 

– Біздің компания Текелі қаласында орналасқан, 2018 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істеп келеміз.  Талдықорған қаласындағы 28 үйдің шатырын ауыстыру жұмысына кіріскенімізге бір айдан асты. Жұмыс қарқынды және сапалы жүріп жатыр.  Бүгінде Назарбаев көшесіндегі №54, №56, №58 үйлер мен Жамбыл көшесіндегі №94, №146 үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Ал ең үлкен нысан есебіндегі Қабылиса жырау көшесіндегі №194 үйдің 50 пайыз жұмысы бітті. Қазір 60 жұмысшымыз бар. Олар айына 350-400 мың теңге айналасында табыс табады, – дейді «АЙД СТРОЙ» ЖШС директорының орынбасары Ахметжан Көшербайұлы.

Құрылыстың қарқынын біз де көрдік. Дегенмен, жаңаның аты жаңа ғой. Көне үйлердің шатыры ауысқалы еңсесі биіктеп қалғандай көрінді. Мұндай көрініс тұрғындардың да көңілінен шығып жатқанын байқадық.

– Тұрып жатқан үйіміздің қолданысқа берілгеніне  64 жыл болыпты. Өз пәтерімді 70 жасымда сатып алып едім, биыл 86-ға келдім. Мен сияқты бірнеше қария тұрамыз. Бұрын төбеден жаңбыр өтіп, көршілердің мазасын алатын. Оны көрген балалар: «Жаңа үй әпереміз, осы үйді сатыңыз» деп талай айтты. Бірақ бұл үйден көшкім келмейді. Қиын жылдарды да, жақсы күндерді де осында өткіздік. Үйдің нашар жағдайын әкімдікке айтып едік, міне, шатырымызды жаңалап берді. Есіктің алдындағы аула қоқысқа толып жатушы еді. Жаңадан балалар ойын алаңын салып, жарқыратып қойды. Енді көрші қарттармен жайланып әңгіме айтып, қызығымызды бөлісіп тұратын боламыз, – дейді Назарбаев көшесі, №54 үйдің тұрғыны Мария Рысбекқызы.

Әрине, шатыры жаңаланған үйлердің ауласы жарқырап тұр деп айта алмаймыз. Мария апа тұратын үйдің іргесіндегі №56 үйдің Назарбаев көшесіне қараған жағы жарқырап тұр да, Қабанбай батыр көшесі жағындағы аула аузы-мұрнынан шығып, қоқысқа, ағаш жапырағына толып жатыр. Тіпті, жаңадан салынған балалар ойын алаңын жабайы өскен ағаштар қымтап алыпты. Оған қарамай ойнап жүрген балаларды көрдік. Енді қайтсін?

Әрине, қала әкімдігі және тиісті мекемелер өз міндетін орындап жатыр. Ал өздері тұрған ауланы тазартып ұстау тұрғындардың еншісіндегі дүние. Кейде осындай жауапкершілікке немкетті қарайтынымыз қынжылтады.

Қ. ОМАРАҚЫН
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

 

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026
Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

10.08.2026
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.