Жаңа аудандардың жобасы қағазға түскенімен әлі нақты іске кірісіп, үйлердің іргесі қаланбаған. Бұл – жоспарлау және жобалық-сметалық құжаттамаларды пысықтау кезеңі. Осыған орай шаһар тізгінін ұстаған азамат жобалардың әр тетігін қайта қарап, құрылыс сапасына, инженерлік инфрақұрылымдардың уақытылы әрі толық жүргізілуіне назар аударды. Өз сөзінде Ернат Дүйсенбекұлы:
– 11 және 12 жаңа шағынаудандар қаламыздың болашақтағы өсу нүктесі. Бұл аумақтарда барлық инфрақұрылым жүйелі түрде салынуы тиіс. Қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету басты міндетіміз. Сондықтан әр жоба нақты есепке негізделіп, заманауи талаптарға сай жүзеге асуы қажет, – деді.
Одан кейін әкім жауапты бөлім басшыларына және мердігер ұйымдарға нақты тапсырма беріп, инженерлік желілердің жобасын жетілдіру, құрылыс мерзімін нақтылап, сапаны қатаң бақылауға алу керегін тапсырды.
Қали АСҚАР





