Талдықорған: +18°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

УӘДЕ – Құдайдың сөзі

Алаштың Ақселеуі Сейдімбегінің «Біз уәдеге берік халық едік, сол уәдеден тайдық» дегені бүгінгі қазақтың болмысына бағытталған ащы шындық. Шынымен уәде – рухани мәдениетіміздің өзегі еді. Енді сол өзек мүжіліп барады.

23.08.2025
КҮНДЕРЕК
УӘДЕ – Құдайдың сөзі

ummet.kz

WhatsAppTelegramFacebook
Бабаларымыз бірауыз сөзге тоқтаған еді. Көшпенді даланың заңдары жазылмаса да, сенім арқылы жүрекке қашалған. Уәде арқылы мемлекеттік деңгейдегі шаруалар шешілген. Онда сөзден аттамау еркекке парыз, әйелге абырой, балаға өнеге болатын.
Бұрынғылар сөзге бекем, сертке тастай еді. «Арыңа сын келтірме» деген ұғымның өзі уәдеге негізделген. Атқа қонған батыр ел алдында серттен мерт болса да айнымаған. Ару қыз жар болуға сөз берсе, тірліктің небір қиын жолынан таймаған. Қол алысып, қасам ішкен достар қан майданда да бір-бірін тастамаған. Бір сөзбен айтқанда, уәде деген тектілік тірегі, қазақтың күнделікті болмысындағы дәстүрі іспеттес еді.
Бүгін болса, қоғам өзгерді. Технология дамыды. Ақпарат екпіні адуын. Бірақ сол ағынның астында қазақ баласының кісілік келбеті жүдеп барады. Бұрын «дос – жарты жаным» дейтін жұртта  қазір оның мойнына жүк артып, артынан қарамай қашатын безбүйрек ұрпақ көбейіп барады. Тіпті, қоғамда достарына несие рәсімдеп беріп, ақырында қарызға белшеден батқан жасөспірімдер бар. Бұл шынайы трагедия. Алданып қалған балалардың кейбірі ата-анасына айта алмай, жалғыздыққа тап болады. Жанын жегідей жейді. Бірінің болашағы бұлыңғырланады, екіншісінің мінезі тұйықталады. Иә, бір серттің бұзылуынан басталып, бір тағдырдың шырағын өшіретін ауыр құбылыс.
…Елдің әр азаматы сөзін ардан тудырады. Уәдеге адал қоғамда әділет салтанат құрады. Себебі адалдық деген кез келген әділ істің басы. Ал ұрпақ ұмытшақтыққа үйренсе, сертті ойыншық көрсе, онда ол елдің болашағы күңгірт. Ұлт болу жерге қарап отыру емес, сертке қарап өрлеу. Уәдеге берік болу ар алдында, Алланың алдында, тарих алдында жүзіңнің жарық болғаны.
Ұлт болашағын уәде арқылы тәрбиелеу уақыт талабы. Жас баланың құлағына «айтқаныңда тұр» деген сөзді қайта-қайта құю қажет. Ата-ананың орындаған әрбір ісі, сөзінде тұрғаны алғашқы уәде мектебі.
Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.