Астана қаласында төртінші рет республикалық деңгейде өткен «Ulttyq `Onim» қазақстандық өндірушілердің көрмесі жабылды. Айта кетейік, аталмыш көрмеге үш жүзден аса кәсіпорын қатысты.
Облыстан ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, құрылыс, тағы басқа салалар бойынша жұмыс жүргізіп отырған жиырма шақты кәсіпорын қатысып қайтты. Олар өз өнімдерін қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынды. Көрме шеңберінде алғашқы сән үлгісі мен «Халық таңдауы» байқауы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік және қаржы компаниялары шебер-сынып және «KazFranch 2018» франчайзинг бойынша ұлттық форум көрмесін өткізді. Көрмелердің басты артықшылығы сол – кез келген тауар нарықтық бағадан бірнеше пайызға төмен ұсынылды. Әр компания өз өнімдерінің ерекшеліктерін көрсетуге тырысты. Осылайша үш күн бойы өткен көрме барысында жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби дағдыларының қаншалықты өскені байқалып, тұтынушылардың өнім таңдаудағы шеберлігі аңғарылды.
А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ




