Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) танымал комик Нұрлан Сабуровке қатысты тексеру іс-шараларын бастады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Tengrinews.kz ҰҚК-ға «Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, соның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын бұзу ықтималдығы бойынша тексеру жүргізілді ме?» деген сауал жолдаған. ҰҚК хабарламасында:
«Ақпарат назарға алынды, тексеру іс-шаралары жүргізілуде» – делінген.
Бұған дейін Қазақстандық комикке Ресей аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынған. Бұл шешім «елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау» мақсатында қабылданған.
Комик Внуково әуежайында, Дубайдан оралғаннан кейін тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпан күні таңертең ол Алматы қаласына келген.





