Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалардың республикалық байқауына қатысуға 500-ден астам өтінім түсті

22 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Үздік әлеуметтік қызметкерлер мен жобалардың республикалық байқауына қатысуға 500-ден астам өтінім түсті
WhatsAppTelegramFacebook

Республикалық «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсына қатысуға бүгінгі күнге дейін 509 өтінім келіп түсті, өтінімдерді қабылдау қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Ең көп өтінім «Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша – 196. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болған бұл конкурс әлеуметтік сала мамандарының белсенділігін және инновациялық бастамаларын анықтап, көтермелеуді, сондай-ақ олардың кәсіби беделін арттыруды мақсат етеді.

Әлеуметтік қызметкер мамандығы – қоғамдағы ең ізгі әрі маңызы зор мамандықтардың бірі. Бұл сала мамандары күн сайын өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға көмек көрсетеді: жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсетеді, отбасыларға қолдау білдіреді, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтарда жұмыс істейді, елдің әл-ауқаты үшін баға жетпес үлес қосады. Елімізде жарияланған Еңбек адамы жылы аясында бұл конкурс әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы еңбегінің маңыздылығын айқындап, олардың жанқиярлық қызметіне қоғам назарын аударуды көздейді.

Өтінімдер www.qamqor.enbek.kz онлайн платформасы арқылы қабылдануда және ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Бүгінгі күні өтінімдер келесі номинациялар бойынша бөлінді:

«Үйде қызмет көрсету ұйымының үздік әлеуметтік жұмыскері» – 196 өтінім;

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік жұмыскері» – 115 өтінім;

«Еңбек ұтқырлығы орталығының (мансап орталығының) үздік қызметкері» – 104 өтінім;

«Үздік әлеуметтік жоба» – 32 өтінім;

«Үздік әлеуметтік педагог» – 23 өтінім;

«Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» – 22 өтінім;

«Медициналық-әлеуметтік сараптама саласының үздік қызметкері» – 17 өтінім.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Өңірлік іріктеу аяқталғаннан кейін, ағымдағы жылдың 1 – 5 қазан аралығында онлайн-платформада республикалық кезеңге өткен номинанттар үшін ашық халықтық онлайн-дауыс беру өтеді.

Республикалық кезеңдегі әділқазылар алқасының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері және әлеуметтік сала сарапшылары енеді. Бұл – процестің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 24 қазанда, Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.