Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында «Үздік көше» байқауы өтуде. Бүгін кешке тұрғындары ең белсенді, тату көшеге округ басшылығы арнайы сыйлық табыстайды.
– Біздің округте Жарлыөзек ауылы ғана емес, сонымен қатар Бозтоған және Мұқаншы деген екі шағын ауыл да бар, – дейді Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі Самат Ихсанов.
Сондай-ақ, ол: «Жарлыөзекте небәрі 11 көше болса, үш елді мекенде барлығы 29 көше бар. Сондықтан біз барлық 29 көше жарысқа қатысады деп шештік» – деді.
Жарыс қызу өтуде. Өйткені, осы үш ауылдың 526 ауласында 1736 сайлаушы бар.
– Адамдар таңертеңнен бастап дауыс беру учаскелеріне барды, олардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерді, – деп атап өтті Самат Ихсанов.
Айтпақшы, бұл округте ешқандай алкагольді сусын сатылмайды. Бұл – халықтың өз бастамасы. Жарлыөзекпен бірге Бозтоған, Мұқаншы ауылдарын да денсаулықтары мықты, еңбекқор адамдардың ауылдары деп атайды.
– Біз бәріміз ел болашағына бірге жауаптымыз. Осындай маңызды науқанға мен қызымды ертіп әкелдім. Оған ересек адамдардың өз азаматтық парызын қалай атқарып жатқанын көрсеткім келді. Яғни, қызыма үлгі аралық істі көрсеттім деп ойлаймын, – дейді Жарлыөзек ауылының тұрғыны Ардақ Әбібекова.
Тұрғындардың өздері жариялаған болжамдарға сәйкес, Ерғалиев көшесі әзірге «Дауыс беретін үздік көше» байқауында көш бастап тұр. Бірақ, кім біледі, кешке дейін әлі уақыт бар. Бәлкім, басқа көшелер де үздіктердің қатарынан көрініп, референдумға жүз пайыз қатысып, көшбасшы атанатын шығар деген үміт бар.
А. Байжұмақызы
Көксу ауданы






