Талдықорған: +15°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

21.03.2026
КҮНДЕРЕК, МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке
WhatsAppTelegramFacebook

Наурызнама онкүндігі аясында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің облыстық филиалында «Ұлттық спорт» күні кең көлемде аталып өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл игі шара сала қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мазмұнды бастамаға айналды.

Мерекелік күн аясында жол саласының мамандары алдымен қол күрестен бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Білектің күші мен намыстың сыналар тұсында әріптестер арасындағы тартыс ерекше қызу өтті. Одан әрі ұжым мүшелері тоғызқұмалақ пен шахмат секілді зияткерлік ойындарға қатысып, ой ұшқырлығы мен стратегиялық қабілеттерін байқатты. Бұл сайыстар қатысушылардың тек физикалық емес, рухани һәм интеллектуалдық әлеуетін де айқындай түсті.

Осындай мазмұнды басқосулар ұжым ішіндегі ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, қызметкерлерге серпін сыйлап, ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етуге жетелейді. Әсіресе, ұлттық ойындар арқылы салт-дәстүрді дәріптеу – бүгінгі буынға тағылым, ертеңгі ұрпаққа аманат екені анық. Сол себепті мекеме ұжымы мұндай игі шараларды жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Алдағы уақытта Наурыз мейрамын кең ауқымда атап өту жоспарланып отыр. Бірнеше филиалдың басын қосатын үлкен мерекелік жиын Алматы облыстық филиалында өтпек. Ауқымды думанда садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту секілді ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен рухы сыналады.

Осы орайда облыстық филиал директоры Елдар Әбенов:

– Бұл мереке – біздің мекеме үшін айрықша маңызға ие. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл да бірнеше филиал бірігіп, ауқымды деңгейде атап өтуді жоспарлап отырмыз. Оған мекеменің әр өңірінен келген 400-ден астам қызметкер қатысады. Мұндай шаралар ұжымның ынтымағын нығайтып, ортақ рух қалыптастыруға зор ықпал етеді, – деп атап өтті.

Расымен де, ұлттық спорт – рухты көтеретін, бірлікті бекемдейтін құндылық. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұжым ішіндегі татулық артып, ұлттық мұраға деген құрмет тереңдей түсетіні сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2026
Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

21.03.2026
«Жетісудың» екінші жеңісі

«Жетісудың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

21.03.2026
Ұлттар достығындағы ұлы құндылық

Ұлттар достығындағы ұлы құндылық

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.