Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ведомство таратқан мәліметке сүйеніп.
Аталған білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.
Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет. Тізімімен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады, — делінген мәліметте.
Фото: istockphoto.com