Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӨЗ-ӨЗІҢДІ СЫЙЛАСАҢ…

19.11.2023
КҮНДЕРЕК
ӨЗ-ӨЗІҢДІ СЫЙЛАСАҢ...
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданы Қытаймен шегаралас аймақ, аумағы арқылы халықаралық  теміржол тармағы мен мұнай құбыры өтеді. Айдынды көлімен ерекшеленетін өңірдің туристік мүмкіндігі де мол. Соған сай аудандағы экономикалық салалардың көрсеткіші де көш ілгері. Осының бәрі аймақтың даму мүмкіндігі  зор екенін көрсетеді. Экономикасы өркендеген, әлеуметтің әлеуеті жақсы ауданның тұрғындары  руханият саласына да ерекше ден қояды.  Осы тұрғыдан келгенде жергілікті жұрттың баспасөзге деген құрметіне тәнтіміз. Өйткені, жыл сайын алакөлдіктер «Jetisy» газетіне ықыласпен жазылады. Осы жолғы сапарымызда берекелі елдің пейілді істерінің бірқатарына тағы да куә болып қайттық.

Аудан әкімі Алмас Абдиновпен кездесу әріптесіміз, облыстық «Вестник Жетісу» газетінің Алакөл ауданы бойынша меншікті тілшісі Василий Воробьевты 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтаудан басталды.

– Ардагер қаламгердің әрбір мақаласы өзектілігі, тілі және стилінің ерекшелегімен есте қалады. Өңірдің әлеуметтік, экономикалық, білім, денсаулық, тарих саласындағы жаңалықтарын оқырманға шеберлікпен жеткізе білетінін жоғары бағалаймын. Вася ағайды Алакөл ауданының білгірі және шежірешісі деп атауға да болады. Алдағы уақытта да осы бағытынан талмай аудан тарихының жаңа беттерін жазады деген ойдамын, – деді кездесуде аудан әкімі.

Осыдан кейін «Жетісу Медиа» МКК басшысының кеңесшісі Болат Абаған үш бірдей облыстық басылымда жұмыс істеген, ауданның тыныс-тіршілігін өрнектеген материалдары арқылы алакөлдіктерге ғана емес, облыс оқырмандарына етене таныс Василий Воробьевке «Жетісу Медиа» МКК басшысы Шыңғыс Бозымның Алғыс хаты мен бағалы сыйлығын тапсырды.

– Василий Воробьевті 1998 жылдан бері білемін. Шебер журналист, өзіндік ұстанымы бар ұстаз.  Кез келген кейіпкермен ортақ тіл табыса алатын және қызықты материал дайындайтын сөз зергері. Алакөл ауданының тұрғындары арасында облыстық газеттің меншікті тілшісі ретінде үлкен құрметке ие. Тақырып таңдамайтын, қаламы ұшқыр журналист, – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.

Халқымызда. «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген нақыл бар. Бұл – бірлік пен бекемдіктің, сыйластық пен құрметтің құдіретін білдіретін ұғым. Әрине, Василий Воробьев орыс тілді журналист болғанымен оның әрбір жетістігі бір қазанда қайнап жатқан Жетісу журналистика мектебіне қосылған үлес деп бағалауға болады.

Ең бастысы, алакөлдіктердің тілші қауымға деген шынайы сүйіспеншілігі жанымызды жадыратты.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.