Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зейнеткерлер қуанып жатыр: Талдықорғанда көкөніс пен май екі есе арзан

29 қараша 2025
КҮНДЕРЕК
Зейнеткерлер қуанып жатыр: Талдықорғанда көкөніс пен май екі есе арзан

"Жетісу" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Өңірлік даму институты"

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл өңір халқының қажеттілігіне байланысты азық-түлік тауарларын дайындау көлемін өткен жылдармен салыстырғанда 20%-ға ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Жалпы мөлшері 9,5 мың тоннадан асады. Енді 19 түрлі өнім қара күзден жаз шыққанша халыққа белгіленген бағамен сатылады. Олардың 16-сы тікелей Жетісуда өндіріледі, сырттан тек қарақұмық, тұз және күнбағыс майы сатып алынады. Тауарлар Талдықорған қаласындағы әлеуметтік дүкендер желісінде сату басталды.

– Белгіленген бағалар сақталады. Біз негізінен нарықта ең төмен баға қалыптасқан кезде өнім сатып аламыз. Бұл, әдетте, көктемгі дала жұмыстары кезінде, бағалар төмен және оңтайлы болады. Дәл осы уақытта біз бағаның көтерілуі кезінде тауарлық интервенция жүргізіп, нарықты тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау үшін сатып алуға тырысамыз, – дейді «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының әлеуметтік жобалар департаментінің директоры Бақтияр Сембеков.

Көкөніс өсіруші Ескендір Жайлығұлов осымен бесінші жыл өз егістіктерінде өсірілген сәбіз бен пиязды жергілікті тұрақтандыру қорының қоймаларына жеткізіп келеді. Ол өнім бағасының бірден бекітілетінін айтты. Шарт бойынша жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін аграрилерді пайызсыз несиемен қамтамасыз етеді.

– Тиімді ынтымақтастық. Ең бас- тысы – несиені уақытылы төлеу. Биыл мен 330 тоннадан аса пияз, 400 тоннаға жуық сәбіз жинадым. Келесі маусымда егу көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отырмын, – дейді Ескендір Жайлығұлов.

Тұрақтандыру қоры өкілдерінің айтуынша, жыл сайын көкөніс өнімдерін жеткізумен аймақтағы бес ірі шаруашылық айналысады.
Облыстың тұрақтандыру қорының қоймасына қазір 5 мың тоннаға жуық көкөніс түрлері салынуда. Келесі жылдың сәуір айына дейін сәбіз, қырыққабат, картоп пен пияз халыққа белгіленген бағамен сатылады.

– Мұндай жағдай зейнеткерлер үшін жақсы әрі өте тиімді. Сондықтан, бұл үлкен қолдау. Дүкендерге май, жұмыртқа, көкөністер жеткізілуде. Егер базарда сатылатынмен салыстырсақ, әрине, әлеуметтік дүкендегі бағалар айтарлықтай төмен, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Людмила Хрипунова.

Мұндай пікірге қала тұрғыны Марина Буби де қосылды. Айтуынша, бұл дүкенде барлығы әлдеқайда арзан. Супермаркеттерде 5 литр күнбағыс майы 5 мыңға жуық, ал мұнда 2 мың теңгеден асады. Айырмашылық бар. Көпбалалы отбасылар мен аз қамтылғандар үшін бұл өте тиімді.

Қазір облыс орталығында 7 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Жақында тағы 5-уі пайда болады. Келесі жылы мұндай нүктелер аймақтың басқа аудандарында да ұйымдастырылатын болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Бүгін, 19:27
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Бүгін, 19:21
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Бүгін, 19:13
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Бүгін, 18:39
Жетісуда «Әділет» партиясы дәрігер тапшылығын азайтады

Жетісуда «Әділет» партиясы дәрігер тапшылығын азайтады

Бүгін, 18:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.