Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа қадам, жаңаша бағыт

06.01.2024
КҮНДЕРЕК
Жаңа қадам, жаңаша бағыт
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы кездері қоғамда көбейіп кеткен келеңсіз жағдайларды ескере отырып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев педагогтер съезінде мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғалуын қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті. Осы бағытта жасалған нақты қадамдардың бірі деп Жетісу облысында алғаш рет қолға алынған менторлық жобаны атауға болады.

Менторлық біздің қоғамда салыстырмалы түрде жаңа ұғым, ол білім беру саласына бизнестен еніп отыр. Бизнес саласындағы ментор дегеніміз – белгілі бір кәсіпте жетістікке жетіп, мол тәжірибе жинап, сол тәжірибесімен, кәсіби дағдыларымен бөлісуге дайын маман.  Ал білім беру саласындағы ментор – оқушыға өзін тануға, бойындағы қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтауға, оның өсуіне ықпал ететін, тұлғалық болмысы қалыптасқан, өмірлік тәжірибесі мол адам. Ментордың жұмысы сенімге, білімге, түсіністікке негізделеді.

Осы оқу жылында Талдықорған қаласының мектептерінде менторлар жұмыс істей бастады. Олар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен қоғамдық даму басқармасы жанынан іске қосылған «Әдеп және құқық жұмысы жөніндегі ментор» деп аталатын қанатқақты жобаның алғашқы мамандары. Тамыз айында менторлыққа вакансия жарияланып, алдын ала сұхбаттасудың, іріктеудің нәтижесінде комиссия мүшелері 120 үміткердің ішінен жоғары білімді, өз саласында білікті, тәжірибелі 30 маманды таңдап алды. Менторлық жаңа қызмет болғандықтан мамандар арнайы дайындықтан өтті, ол үшін «El Umiti» қоғамдық қорының мамандары шақырылып, біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

Бұл жобаның мақсаты балалардың желілік әлеуметтенуіне көмектесу, кемсітушілік, зорлық-зомбылық, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу арқылы бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Дайындық барысында менторлардың алдына бірқатар міндет қойылды. Атап айтқанда, кемсітушілік, зорлық-зомбылық және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, оқушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіру, салауатты өмір салтына  ынталандыру, желілік мәдениетті, коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық қырларын дамыту, қолайлы психологиялық ахуал, қауіпсіз орта құру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді. Аталған мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, менторлар қыркүйек айынан бастап іске кірісті. Оқу жылының басынан бері І. Түстікбаев, М. Атайбаева жетекшілік ететін жобалық кеңсе республикалық деңгейде танымал спикерлермен кездесулер ұйымдастырып, терең мағыналы, тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылды, оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.   

Ментордың қызметін түсінбеген ата-ана тарапынан «ол немен айналысады?», «психологиялық көмек бере ме?», «баланың сабағына көмектесе ме?» деген сауалдар туындап жатады. Осы орайда нақтылай кететін тұстар бар. Ментор мектептің оқыту үдерісіне тікелей араласпай, балаға жеке және кәсіби жолын табуда бағыт-бағдар береді. Мысалы, күзгі демалыста менторлар оқушылармен Алматы қаласындағы бірнеше ЖОО-ға экскурсия жасады. Білім алушылар еліміздің іргелі оқу орындарының лабораторияларын, аудиторияларын, кітапханаларын аралады. Оқу орындарының мамандары оқуға қабылдаудың ережелері, мамандықтар, факультеттер, студенттердің бос уақыты туралы пайдалы ақпарат берді. Жоғары сынып оқушылары мұндай экскурсиялардың кәсіп таңдау кезінде өте маңызды екеніне көз жеткізді. 

Сонымен қатар, менторлар қазіргі кезде ушығып тұрған мәселелер – құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллинг, суицид,  баланың құқығы мен міндеттері, зиянды әдеттер тақырыптарында түсіндірме жұмыстар мен түрлі тренингтер өткізіп жатыр. Әрине, бұл мәселелер күні кеше пайда болған жоқ және мектеп жүйесінде мұндай келеңсіздіктермен күресудің нақты алгоритмі де бұрыннан бар. Дегенмен, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, менторлардың тарапынан жасалған қам-қарекет өркениетті қоғамға жат қылықтардың азаюына әсер ететіні анық. Бұл жоба дер кезінде жүзеге асырылып жатқан және болашақта жалғасын табатын ұрпаққа пайдалы бағыт деп сеніммен айта аламыз. 

Гүлмира Зербай,  
№4 орта мектептің әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Ашық диалог орнады

Ашық диалог орнады

30.07.2026
Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

Жетісу жаңа өндіріс кезеңіне қадам басты

30.07.2026
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.