Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа қазақстандық көліктерді Ресейге экспорттау тоқтатылды

02.04.2025
КҮНДЕРЕК
Жаңа қазақстандық көліктерді Ресейге экспорттау тоқтатылды

Қазақстанда құрастырылған жаңа көліктер Ресей нарығына енді мүлде сатылмайды. Бұрын көрші елге жыл сайын мыңдаған көлік экспортталса, 2025 жылдың басында бірде-бір автокөлік жөнелтілмеген.

Мамандар мұның бірнеше себебін атап көрсетеді, соның ішінде ресейлік бюрократия мен жоғары салықтық төлемдер негізгі кедергі болып отыр. Автоөндіріс сарапшысы Михаил Будянскийдің айтуынша, Ресей нарығына кіретін қазақстандық көліктерге қойылатын талаптар қатайған. Әсіресе, жаңа бюрократиялық шектеулер мен қымбат кедендік төлемдер қазақстандық автоөндірушілер үшін бұл нарықты тиімсіз етіп отыр.

«Ресейде жергілікті тіркеу талаптары өзгерді. Бұрын Қазақстанда құрастырылған көліктер арнайы куәлік арқылы тіркелсе, енді оны алу үшін Ресейде қосымша рәсімдеулер қажет. Сонымен қатар, қайта өңдеу алымдары, кедендік баж салығы және басқа да төлемдер көлік бағасын үш есеге дейін қымбаттатып жіберді. Бұл жағдай экспортты тиімсіз етті», – дейді Будянский.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бүгінде қазақстандық көліктер негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан елдеріне экспортталады. Дегенмен, бұл елдерге де жеткізу қиындықтары артып келеді. 2024 жылдың 2 тамызында қабылданған жаңа ережелерге сәйкес, экспортты ынталандыруға қойылған шектеулер қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен.

«Бұрын мемлекет экспортты қолдаса, енді бұл мүмкіндіктер шектелді. Экспорттық өтемақы мөлшері 75 мың АЕК-пен шектелді. Бұрын мұндай шектеулер болмаған», – деп түсіндірді Өнеркәсіп комитетінің көлік, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машинасын жасау басқармасының өкілі Руслан Хисамутдинов.

Ресейге экспорттың күрт төмендеуі соңғы екі жылда айқын байқалады. 2022 жылы бұл елге 9 мыңға жуық қазақстандық көлік сатылған болса, 2024 жылы небәрі 8 көлік қана экспортталған. Ал 2025 жылдың басында бірде-бір қазақстандық көлік ресейлік нарыққа шықпаған. Бұл өзгерістер Қазақстанның автоөнеркәсібіне қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Сарапшылар алдағы уақытта ішкі нарық пен басқа көрші елдерге бағытталған экспорттық стратегияларды қайта қарау қажеттігін алға тартуда.

Жетісу-Ақпарат
Фото: uralskweek.kz

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.