Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа заң: Төбет «төрге» озатын күн жақын

07.11.2024
КҮНДЕРЕК
Жаңа заң: Төбет "төрге" озатын күн жақын

Экология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы №101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатта төбеттің иесінің игілігін қорғайтын ақылды хайуан екені жазылған. Сонымен бірге, оған қысқаша тарихи анықтама да берілген. Қысқаша айтқанда ерте тарыихан бұл тұқымның қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқаны түсіндірілген. 

Одан бөлек, бас сүйегінің пошымы толық сипатталып, жаңадан енгізілген.

Мәселен, бас сүйегі жоғарыдан қараған кезде үшкіл тәрізді болады, ол қабақтан бастап құлақ аймағына дейін кеңейеді, содан кейін желке төмпегіне қарай тарылады (желкесі біршама артқа шығыңқы). Қас үсті доғалары, төбе сүйектің қыры, желке төмпегі дамыған.

Маңдайы: кең, жалпақ, ортасында кішкене ойығы бар. Бүйірден қараған кезде бас сүйегінің жоғарғы қыры түзу көрінеді. Алдыңғы жағынан қараған кезде үстіңгі жағы жалпақ немесе біршама дөңгелектелген болып көрінеді.

Маңдайдан тұмсыққа өту аймағы тегіс, аздаған ойық көрінеді.

Кемшіліктері: басы жеткілікті ірі және ұзын емес. Бас сүйек құлақ аймағында жеткілікті кең емес. Шүйдесі тегістелген. Қас үсті доғалары айқын емес. Маңдайдан тұмсыққа сәл күрт ауысқан.  

Сонымен қатар жалпы түрі бойынша дене тұрқының қандай болатыны, дене мүшелерінің қалай жетілетіні, өлшемдері, сипаттары, мінез-құлқы/темпераменті және басқа да мәліметтер толықтырылып қазақша жазылған.

Қоғамдық талқылау 20 қарашаға дейін жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.