Талдықорған: +23°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖАҒА ЖЫРТЫСПАЙДЫ»: АИДА БАЛАЕВА МӘДЕНИЕТТІ АДАМ ЖАЙЛЫ ОЙЫМЕН БӨЛІСТІ

25.10.2019
КҮНДЕРЕК
"ЖАҒА ЖЫРТЫСПАЙДЫ": АИДА БАЛАЕВА МӘДЕНИЕТТІ АДАМ ЖАЙЛЫ ОЙЫМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысына іссапармен келген ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида БАЛАЕВА зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Салтанат сарайында өткен «дөңгелек үстел» отырысын облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов  жүргізді.

Елордадан келген құрметті мейман алғашқы сөзін: «Көпшілікті мазалап жүрген өзекті мәселелерді, қоғамда орын алып жатқан кейбір жайттарды талқылау үшін өздеріңізбен кездесіп отырмын. Бізге түсетін арыз-шағымдардың негізгі дені сот шешімдеріне көңіл толмастық, баспана мәселеріне қатысты. Сіздердің қандай ұсыныс-тілектеріңіз бар?» – деп сұрақ қоюдан бастады.

Алғашқы болып сөз  алған Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев азаматтардың өтініш-тілектері қараусыз қалмаса, билік өкілдері дер кезінде жауап беріп, нақты нәтиже шығарса деген ұсынысын жеткізді.  Ал облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін:

– Қазір билікке деген халықтың сенімі артуда. Билік халықтың сөзін естіп жатыр. Атап айтар болсақ, көпбалалы аналардың мәселелері шешілуде. Көптеген адамның несиелері кешірілді. Мұның өзі халыққа үлкен көмек. Жемқорлықпен күрес те күшейе түсті. Құқық қорғау органдарында да реформалар орын алмақ. Барлық істе жаңа, оңды бетбұрыстар байқалуда, соған қуанамыз, – деді.

ҚР Халық әртісі Алмахан Кенжебекова болса, халықтың денсаулығына жауапты медицина қызметкерлеріне барынша жағдай жасау қажеттігін алға тарты. Медициналық университетте оқу ақысының қымбатқа түсетінін айтқан ол осы саланы таңдаған жастарды тегін оқыту жайын қарастыруды ұсынды.

Облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Райхан Серғазинова Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің қатары бүгінде сиреп қалғандығына тоқталып, олардың ізін басып келе жатқан Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль апатынан зардап шеккендерге осы ретте құрмет көрсету заң жүзінде бекітіліп берілсе  деген ізгі тілегін ортаға салды.

Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының әртісі Сағындық Жұмаділ театр қызметкерлерін толғандырып жүрген мәселені алға тартты.

– Бұрын халық мойындаған әнші, аспапшы, әртістерге «Қазақстанның Халық әртісі», «ҚР еңбек сіңірген әртісі» дейтін атақтар берілетін. Бірақ соңғы жылдары бұл атақтар берілмей келеді. Оның орнына баршаға ортақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ берілуде.  Әртістерге сол бұрынғы атақты қайтарса, әркім өзіне лайықтыны арқалап жүрсе жарасымды болады, – деді.

Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев облысымыздың ең үздік түлектері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына оқуға түсетінін, үлкен қалада жатақхана қиындығын кешетінін жеткізіп, жастарды облысымыздың іргелі оқу ошағында білім алуға, осында тұрақтап қалуға мүмкіндік жасау үшін гаранттың көп бөлігі облыстық деңгейдегі университеттерге бөлінсе деген пікірін ортаға салды.

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры, сазгер, дирижер Әли Алпысбаев өнер ордаларында қызмет ететін биші, үрмелі аспапшылардың 40 жастан зейнетке шығуы қажеттігін алға тартып, бұл заң жүзінде бекітілсе деген ұсынысын жеткізді.

Алматы облысының Құрметті азаматы, актер Әлімғазы Райымбеков ас атасы – нан екендігін айта келіп, халқымыздың тұрмысы түзу болсын десек, нанды қамбаттатпау қажеттігіне тоқталды.

Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов тіл мәселесін көтерді.

– Халықты біріктіретін күш – тіл. Ортақ тілде сөйлемей, Қазақстандағы 18 миллион халық әр жаққа тартсақ, жағдайымыз қалай болмақ? Бір тілде сөйлесек, бір-бірімізге жақын боламыз, бір-бірімізді бауыр тұтамыз. Сондықтан, баршамызға ортақ мемлекеттік тіл – қазақ тілінде барлығымыз бір кісідей сөйлейтін уақыт жетті, – деді.

Әр айтылған ұсыныс-пікірді ден қойып, тыңдап отырған Аида Ғалымқызы сөзінің соңында мұның бәрін тиісті орынға жеткізетінін айтып, мына мәселелерге назар аудару қажеттігін алға тартты.

– Ең басты мәселе – білім сапасын арттыру мен мәдениетті дамыту. Мәдениетті адам біреудің алқымынан алып, жаға жыртыспайды. Білім саласына ұлттық педагогиканы енгізуіміз керек. Балаларды мамандыққа баулуды мектептен емес, балабақшадан бастауға тиіспіз. Ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңіліп, оның не қалайтынын, сыныптастарымен қандай қарым-қатынаста екенін біліп, тұлға ретінде дамуына да атсалысуы керек.

Көпшіліктің көзқарасына да игі ықпал еткеніміз абзал. Ең басты құндылық – тәуелсіздік екенін ұмытпауымыз қажет. Тәуелсіздіктің арқасында жақсы өмірге қол жеткіздік, зәулім ғимараттар салдық. Мұнда Елбасының ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары халыққа қалай жалақы, зейнетақы, жарық, жылу береміз деген мәселені талқыласақ, қазір дамыған отыз елдің қатарына қайтсек кіреміз деген әлемдік маңызы бар мәселені алға тартамыз. Бұл не үшін қажет дейтіндер де бар. Егер алдымызға мақсат-міндет қоймасақ, нәтижеге де жетпейміз. Сондықтан алдымызға мақсат қойып, соған жете білейік, – деді Президент көмекшісі.

«Дөңгелек үстел» отырысын қорытындылаған Батыржан Құлаймергенұлы Аида Ғалымқызына мәнді де мағыналы кездесу үшін алғысын жеткізді. Бұдан соң Аида Балаева Талдықорған көпсалалы ауруханасында болып, медицина саласындағы жетістіктермен танысып, ақ желеңді жандармен келелі әңгіме-дүкен құрып, ұсыныс-тілектеріне құлақ асты.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

01.04.2026
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысы 30%-ға өседі

01.04.2026
UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

UFC. Алмабаев оралады, Ыдырыстан допинг табылды

01.04.2026
Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық адам қатысты

01.04.2026
Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

Интернет-алаяқтың құрбаны болмаңыз: Полиция жиһаз саудасындағы схеманы әшкереледі

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.