Талдықорған: +13°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жалғыздықтың жүгі

26.09.2026
КҮНДЕРЕК
Жалғыздықтың жүгі
WhatsAppTelegramFacebook

Жалғыздықты біз көбіне қасымызда ешкімнің болмауымен байланыстырамыз. Бірақ адам кейде тыныштықта емес, айғай-шу арасында да өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Күнделікті тіршілігіңді сүріп, достарыңмен күліп-ойнап жүргеніңмен, ішіндегі мұңды жасыруға тырысасың. Сырт көзге бәрі қалыпты көрінеді: сөйлесесің, күлесің, адамдармен бірге жүресің. Алайда ішінде ешкім байқамайтын бір ауырлық тұрады. Күлуің мүмкін, бірақ бұрынғыдай шын көңілмен күле алмайсың. Бір нәрсеге қуансаң да, сол қуаныштың әсері ұзаққа созылмайды. Меніңше, ішкі жалғыздық дәл осындай қарапайым сәттерден байқалады.

Адамның сыртынан бәрі жақсы көрiнгенiмен, оның шын мәнінде не сезiнiп жүргенін ешкім білмеуі мүмкін. Қасыңда араласатын жақсы орта болғанымен, сырыңды айтып, ішіндегіні бөлісетін бір адамның болмауы жалғыздық сезімін тереңдете түседі. Кейде адамға көпшіліктің ортасы емес, ішіндегі сөзін қорықпай айта алатын бір ғана адам жетеді. Бәлкім, бұл тек менің емес, көпшіліктің басынан өтетін сезім шығар. Ішіміздегі бір нәрсенің бұрынғыдай емес екенін сеземіз. Бұрын қызық болған дүниелерге қызығушылығымыз төмендеп, жай ғана ойланудың өзі қиындай түседі. Ал жалғыз қалған сәтте осының бәрін ой елегінен өткізіп, қажетсіз сұрақтар мен түрлі сценарийлер құрып, өзімізді одан сайын шаршатамыз. Бұл жанымызда адамдардың болмауынан емес, өз ішкі әлемімізге ешкімді кіргізе алмауымыздан да болуы мүмкін. Ашық сөйлесуге қорқамыз. «Мені ешкім түсінбейді» деген ойды қалыптастырып аламыз да, кейін өзімізді түсіндіруге тырыспаймыз.

Мен де өзіме жиі: «Неге дәл қазір бұл сезімді бастан кешіріп жүрмін?» деген сұрақ қоямын. Айналамда мені жақсы көретін отбасым, мені сыйлайтын достарым бар. Сонда да неге өзімді жалғыз сезінемін? Неге жауабы жоқ сұрақтарды өзіме қайта-қайта қоя беремін?

Ең қиыны жалғыз екеніңді түсіну емес, неге жалғызсырап тұрғаныңды өзің де аңғара алмау. Осы сезімді түсінуге тырысып, біраз уақыт бойы зерттеу жүргіздім. Адам психологиясында жалғыздық деңгейін бағалауға арналған UCLA Loneliness Scale атты шкала бар екен. Дәниел Рассел бастаған зерттеушілер әзірлеген бұл шкала адамның өзін жалғыз сезінуі, ешкіммен сырласа алмауы, ортадан шет қалғандай болуы және өзін ешкім толық түсінбейтіндей сезінуі сияқты жағдайларды қамтиды. Осы ақпаратты оқи келе түсінгенім, мәселе адамдардың санында емес, сол адамдармен орнаған байланыстың қаншалықты жақын әрі мағыналы екенінде. Айналаңда он адам болуы мүмкін. Бірақ сол он адамның ішінде ішіндегіні айтып, сені түсінетін бір адамның болмауының өзі жалғыздық сезімін тудырады. Ал кейде бір ғана адаммен шынайы сөйлесудің өзі ішіндегі ауырлықты жеңілдетеді. Сонда менің «жалғызбын» деген сезімім де абсолютті шындық емес сияқты. Бұл сезімнен шығу үшін кейде көп нәрсе қажет емес. Өзіңе шынайы болып, сенетін бір адаммен сөйлесудің өзі жеткілікті. «Соңғы кезде өзімді біртүрлі сезініп жүрмін» деген бір ғана сөйлемнің өзі ішкі тұйықтықтан шығудың алғашқы қадамы болуы мүмкін. Өйткені адамға кейде мәселені шешетін ақыл емес, жай ғана тыңдайтын құлақ қажет. Осы мақаланы жазу барысында мен өзім сезініп жүрген ішкі жалғыздыққа басқа қырынан қарадым. Ең басты түсінгенім – жалғыздықты жасырып, одан ұялып жүру міндетті емес.

Сондықтан мен сияқты кейде өзін жалғыз сезінетін адамдарға айтарым: өзіңізді бұл сезім үшін кінәламаңыз. Ішіңізде жиналып қалған дүниені үнсіз көтеріп жүре бермей, сенетін адамдарыңызбен бөлісіп көрiңіз. Өзіңізді тыңдаңыз, өз сезіміңізді қабылдаңыз және сізге шын мәнінде жақын адамдармен байланыс орнатудан қорықпаңыз. Кейде осының өзі адамның ішіндегі ауыр сезімді жеңілдетуге жеткілікті. Ал өзіңе түсіністікпен қарап, жалғыз емес екеніңді аңғара бастаған сәтте, өзгелердің де үнсіз күресін байқай бастайсың. Себебі кейде бізге тек біреудің «Сені түсінемін» деген сөзі жетпей тұрады. Ал бәлкім, біреудің дәл қазір сондай сөзді естуі үшін, алдымен оны өзіміз айтуымыз керек шығар?

Шырын РЫСБЕК,

Жқ 311-тобының білімгері

Қатысты жаңалықтар

Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

26.09.2026
Жалғыздықтың жүгі

Жалғыздықтың жүгі

26.09.2026
Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

26.09.2026
Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

26.09.2026
Жақсылыққа жол ашайық

Жақсылыққа жол ашайық

26.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.