1967 жылы іргесі қаланған үшқабатты, 1200 орынды білім ордасы бүгінде жаңарып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 54 миллион теңге бөлініп, нәтижесінде үш жаңа модификациялық кабинет орнатылды. Бұл – ауыл балаларына сапалы білім алуға жасалған үлкен қолдау.
Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 96 бүлдіршін білім әлеміне қадам басты. Жалпы, бүгінгі таңда білім ордасында 1019 оқушы оқуда, оның ішінде 95 бала мектепалды даярлық тобында тәрбиеленуде. Оқушыларға 112 білікті педагог білім беріп, олардың жан-жақты дамуына үлес қосуда. Мұғалімдердің арасында педагог-зерттеушілер, сарапшылар, модераторлар және педагог-шеберлер бар.
Салтанатты ашылу рәсімі де ерекше мерекелік көңіл күйде өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Айдынбек Құмарбекұлы, ардагер ұстаз, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбай-ұлы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ, ардагер мұғалімдер мен ата-аналар да білім ордасының жаңа бейнесіне куә болып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Гүлжан ТҰРСЫН





