Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа құрылым – соны серпін

14.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жаңа құрылым – соны серпін
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ 2023 жылғы 7 қарашадағы Этносаралық мәселелер жөніндегі кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысымен аталған мекеменің Панфилов аудандық филиалы құрылған болатын.

Жаңа құрылым өз қызметін биылғы сәуір айында бастады. Мекеме меңгерушісі болып ұзақ жылдар бойы Жаркент өңірі мен Алматы облысында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызмет атқарған Марат Илипов тағайындалды. Сонымен қатар, идеологиялық жұмыста тәжірибе жинаған Мейрамбек Жанпейісов пен Сымбат Әбдіреш сияқты бас сарапшылардың қосылуы мекеме қызметінің бірден бел алуына әсер етті.
Филиал қызметкерлерінің басты міндеті – этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, ұлттық мәдениет пен тілдерді дамыту, сондай-ақ Қазақстан халқының дәстүрлерін зерттеу мен насихаттау. Құрылған күннен бастап мекеме жылдық жұмыс жоспарын бекітіп, жергілікті тұрғындар арасында бірлік пен татулық бағытындағы іс-шараларды жандандыра бастады.
Панфилов ауданы ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі өңір. Халықтың басым бөлігі қазақтар болғанымен мұнда ұйғыр, дүнген және басқа да этнос өкілдері тығыз орналасқан. Тарихи себептерге байланысты түрлі ұлт өкілдері қазақ жерін паналап, тағдыр тоғыстырған. Олардың барлығын бауырға басқан кеңпейіл қазақ халқының мейірімінің арқасында бүгінгі ынтымақ пен бірлік қалыптасқан. Бүгінде елімізде әр этнос өз тілі мен мәдениетін еркін дамытып келеді. Соның бір дәлелі – әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының табысты жұмысы және этномәдени бірлестіктердің белсенділігі.
«Қоғамдық келісім» КММ Панфилов аудандық филиалы ұлттар арасындағы келісім мен достықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, өңірдегі этномәдени бірлестіктермен ай сайын басқосу өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. Сондай-ақ, ауданның 20 аралас мектебінде жыл сайын екі рет түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізіліп, жастарға татулық пен толеранттылық құндылықтары дәріптеледі.
Филиалдың жұмысы жастар тәрбиесіне ерекше мән береді. Сәуір айынан бері 90-нан астам түрлі бағыттағы іс-шара өткізіліп, олардың басым бөлігі жастардың қатысуымен ұйымдастырылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан аудандық ақсақалдар мен аналар кеңесі қайта құрылып, «Адал азамат», «Салауатты сана», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» сияқты жобалар аясында көптеген тағылымды кездесулер мен акциялар өтті. Мәселен, «Ақ бата – ақ тілек» байқауында аудан ақсақалы Бердіқожа Жанаманов немересімен бірге 1-орынды жеңіп алды. Ал Талдықорғанда өткен «Мемлекеттік тіл – достықтың алтын көпірі» байқауында Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Молутжан Тохтахунов үздік атанды.
Жуырда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Күлғайша Бердіғұлқызымен кездесу өтті. Шараны филиал басшысы Марат Илипов жүргізді. Кездесуде жастарға адал еңбек пен табандылықтың өмірдегі маңызы түсіндіріліп, еңбекқорлыққа баулу жөнінде ойлар айтылды. Жиынға аудандық ақсақалдар мен аналар кеңесі мүшелері, «Қазақ тілі» қоғамы өкілдері және ақын Байырхан Әбдікәрімова қатысты. Сонымен қатар, колледж студенттері мен «Әжелер ансамблі» концерттік бағдарлама ұсынып, рухани әсер қалдырды.
Кез келген елдің дамуы мен тұрақтылығы оның ішкі татулығына тікелей байланысты. Осы бағытта «Қоғамдық келісім» КММ Панфилов аудандық филиалы қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп, ел ішінде ынтымақ пен достықтың нығаюына зор үлес қосып келеді. Тәуелсіз Қазақстан – ұлттар татулығы мен келісімінің үлгісі. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оған қарасты құрылымдардың жүйелі жұмысы нәтижесінде бейбітшілік пен тұрақтылық еліміздің басты құндылығына айналды.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Қатысты жаңалықтар

Дала қыраны қалықтайды

Дала қыраны қалықтайды

04.07.2026
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026
Рухани құндылық дәріптелді

Рухани құндылық дәріптелді

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.