Талдықорған қаласындағы «Жастар-3» тұрғын алабында орналасқан үйлердің құрылысы жалғасуда.
Құрылыс алаңдарының біріне қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков барып, жұмыстардың қарқыны мен сапасына назар аударды. Жұмыс сапарыкезінде аяқталған учаскелер тексеріліп, мердігерлермен құрылыс барысы талқыланды. Сондай-ақ тұрғындар көтеріп отырған мәселелер қаралды.
Жеңіс Саятбекұлының айтуынша, құрылыстың әр кезеңінде жұмыстардың сапасына мұқият бақылау жүргізу қажет. Кейде мердігерлер қателіктерге жол береді немесе жекелеген жұмыстарды жобада қарастырылған талаптарға сәйкес орындамайды. Егер мұндай кемшіліктерге дер кезінде назар аударылмаса, кейін бұл мәселелер осы үйлерде тұратын тұрғындардың проблемасына айналуы мүмкін.
Мұндағы басты міндет – осындай жайттарды уақытылы анықтап, сол жерде түзету және олардың үй пайдалануға берілгеннен кейін күрделі мәселелерге ұласуына жол берілмеуі керек. Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға үйлердің құрылысын қазан айында аяқтау тапсырылды. Тұрғындар үшін құрылыс мерзімінің маңызы зор. Жаңа үйлер толық көлемде пайдалануға беруге дайын болып, белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
А. Байжұмақызы
Талдықорған қаласы





