Талдықорған: +29°C
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жануарларды уақытша ұстау үшін 47,7 млн. теңге ұтып алынды»: Бұралқы ит пен мысықтан қауіп жоқ

10.07.2023
КҮНДЕРЕК
"Жануарларды уақытша ұстау үшін 47,7 млн. теңге ұтып алынды": Бұралқы ит пен мысықтан қауіп жоқ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл басынан бері Жетісу облысында 6399 қаңғыбас ит пен 80 мысық ауланған. Оның 4158-і жойылса, 287-сі иелері мен зооқорғау ұйымдарына өткізілген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымының тілшісі.

Есесіне, 1292 ит пен мысық уақытша ұстау орындарына жөнелтіліп, оның 674-іне кастрация жасалып, 68-і стерильденіп, бұрын мекен еткен жеріне жөнелтілген. Өңірде қаңғыбас жануарлардың азаймай тұруына да осы жай сеп. Ауланған жануар залалсыздандырылып, стерильденіп, кастрацияланып, қайта бостандыққа жіберіледі. Есесіне, бұл жануарлар көбеймейді, олар арқылы қауіпті ауру таратылмайды.

Бірақ қатардағы қаңғыбас ит пен мысық болып жүре бермек. Айта кететін жайт, жыл басынан бері ит-мысықтың 374 қабу-тырнау жағдайы тіркелген. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 980 жағдай орын алған еді. Бұл деректерді мағлұматтарды облыстық ветинария басқармасы басшысының орынбасары Күмісбек Айпейісов баспасөз мәслихатта мәлім етті.

Өңірде тап қазір жан-жануарларда өршіп тұрған қауіпті індет жоқ. Дегенмен, жыл басынан бері 355,5 мың бас мүйізді қарадан, 775 мың бас ұсақ малдан қан сынамасы алынып, 194 Зеңгібаба тұқымынан, 117 бас ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталған. Басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, 105 бас уақ мал мен 168 бас мүйізді қара санитарлық союға өткізілген. Мұнан өзге мал дертінен қауіп жоқ.

Өйткені 2023 жылға ветеринариялық жұмыстарды жүйелі жүргізуге бюджет қалтасынан 3,4 млрд. теңге бөлінген. Осы қаржының 2,5 млрд. теңгесі эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсалады. Ал мал ауруларының алдын алу үшін ветеринариялық препараттарды қолдануға 6,6 млн. теңге бөлінген. Осынша қаржы жоспарға сай жұмсалып, тиімді нәтиже көрсетіп отыр. Құрылым басшысының орынбасары өткен 5 айда ауылшаруашылық жануарлар мен құстар арасында қауіпті 17 індеттің 17 түрін анықтау, алдын алу жұмыстарын 99 пайызға орындалғанын алға тартты.

Жыл соңына дейін төрт түлік арасындағы індетті ауыздықтау бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту көзделген. Бұл мақсатта бюджеттен 570,5 млн. теңге қарастырылыпты. Осы кезге дейін 20 дана арнайы автокөлік сатып алынса, 1 реферижератор, 117 планшет, 95 компьютер алынады. Оған салынатын 18 модульді ветеринариялық пунктті қосайық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аса ауқымды шаруа. Мәселен, былтыр бар-жоғы 83 млн. теңгеге 5 модульді ветеринариялық пункт салынған еді.

Күмісбек Айпейісов сөз арасында қаңғыбас ит пен мысықтың мәселесі өңірде әлі өзекті екенін жасырмады. Дегенмен, жүйелі жұмыс барын да алға тартты.

– Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына тәуелді нормативтік- құқықтық актілерді іске асыру бойынша 4 бағдарлама бекітіліп, облыстық бюджеттен осы бағдарламаларды орындау үшін жалпы 170 млн. теңге бөлінді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жою жұмыстарын жүргізу бюджеттік бағдарламасын орындау бойынша 51,3 млн. теңге қаралған еді, мұны 25,8 млн. теңгеге ұтып алды. Ал қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау бюджеттік бағдарламасын орындау бойынша 47,7 млн. теңге ұтып алынды. Негізі бұл бағытта қарастырылған қаржы 70 млн. теңге еді. Сондай-ақ, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру бюджеттік бағдарламасын орындау үшін 6,9 млн. теңге ұтып алынса, қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру бюджеттік бағдарламасын орындау үшін 28,8 млн. теңге ұтып алды. Енді бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалап отырмыз, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Сөз арасында спикер «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын бұзған 84 тұлға барын, оларға айыппұл салынғанын да айтып қалды. Есесіне, осы Заңның талаптарын түсіндіру, қаңғыбас иттер мен мысықтардың балалар мен жасөспірімдер өміріне қауіп төндірмес үшін түсіндірме жұмысын да күшейтіпті. Басқарма басшысының орынбасары жиын соңында қаңғыған ит пен мысықтан қауіп жоғына сендірді.

Дастанбек Садық

 

Қатысты жаңалықтар

Аида Балаева Вьетнаммен мәдени ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды

Аида Балаева Вьетнаммен мәдени ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды

26.08.2026
Сандық әлемдегі сақтық

Сандық әлемдегі сақтық

26.08.2026
Балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу мәселесі Құрылтайда қаралмақ

Балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салу мәселесі Құрылтайда қаралмақ

26.08.2026
«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын» – Тоқаев

«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын» – Тоқаев

26.08.2026
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі

Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі

26.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.