Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026
КҮНДЕРЕК
Жақсы дәрігер жанға дауа
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өміріндегі ең қадірлі мамандықтың бірі – адам жанына араша түсіп, денсаулығына қорған болатын медицина қызметі. Осындай жауапкершілігі мол салаға саналы ғұмырын арнаған жандардың бірі – Бақыт Рыскелдинова.

Бақыт Ұзақбайқызы 1966 жылдың 7 мамырында бұрынғы Бөрлітөбе ауданына қарасты М. Горький кеңшарында дүниеге келген. Туған ауылында білім алып, 1983 жылы орта мектепті тамамдаған соң адамға қызмет етуді өмірлік мұрат етіп таңдайды. Сол мақсатпен Талдықорған қаласындағы медициналық колледждің фельдшерлер даярлайтын бөліміне оқуға түсіп, 1986 жылы оқуын сәтті аяқтайды.

Еңбек жолын Лепсі кентіндегі емханада жедел жәрдем фельдшері болып бастауы жас маман үшін үлкен өмір мектебіне айналды. Екі жыл ішінде шұғыл шешім қабылдау, науқасқа дер кезінде көмек көрсету секілді мамандықтың қыр-сыры тәжірибе арқылы шыңдалды. Аға буын дәрігерлер мен мейірімді әріптестердің тәлім-тәрбиесі оның білікті маман болып қалыптасуына ықпал етті.
1988 жылы бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған АТ-170/2 мекемесінің медициналық бөлімшесінде қызмет атқарды. Бұл – төзім мен сабырды талап ететін ерекше орта еді. Тағдыр сынағына түскен жандарға жанашырлық танытып, адамға деген мейірімнің ешқашан өлшемі болмайтынын ісімен дәлелдей білді. Қандай жағдайда да медициналық қызметкердің басты парызы – адам өміріне араша түсу екенін берік ұстаным етті.

1989-1994 жылдары Бөрлітөбе аудандық ауруханасына қарасты «Ақдала» фельдшерлік пунктінде еңбек етіп, ауыл тұрғындарының саулығын сақтауға үлес қосты. Балалардың уақытылы екпе алуын бақылап, аурудың алдын алу шараларын жүйелі жүргізді. Ауыл медицинасындағы тынымсыз еңбек халықтың сеніміне ие болуына себеп болды.

Кейін 1994-2000 жылдары «Заря» амбулаториясында медбике қызметін абыроймен атқарды. Ал 2002 жылдан бері Талдықорған акционерлік электр тасымалдау компаниясының медициналық пунктінде фельдшер болып еңбек етіп келеді. Мұнда ауысымға шығатын жұмысшылар мен іссапарға баратын жүргізушілердің денсаулығын тексеріп, өндірістегі қауіпсіздіктің сақталуын тікелей қадағалауда. Жұмысшыларды жыл сайынғы медициналық тексерістен уақытылы өткізу оның басты міндетінің бірі.

Фельдшерлік қызмет қашанда қырағылық пен жедел әрекетті талап етеді. Жұмыс барысында аяқастынан сырқаттанған азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, талай адамның амандығына себепкер болған сәттер аз емес. Ұжым арасында сыйлы маман атануы да осы адал еңбектің жемісі.

Жұбайы өмірден ерте өтсе де Бақыт Ұзақбайқызы тағдырдың ауыр жүгін қайыспай көтеріп, бір ұл, екі қызын тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ұлы Айбек Алматы қаласында кәсіпкерлік саласында еңбек етсе, қызы Айгерім мемлекеттік қызметте. Ал кенже қызы Арай ана жолын жалғап, медицина саласында стоматолог болып жүр. Немере-жиен сүйіп отырған аяулы ана үшін бұл өмір еңбегінің ең үлкен жемісі.

Ұзақ жыл еңбек еткен ұжымының қолдауы да оның кәсіби жолында айрықша орын алады. Кәсіподақ қамқорлығының арқасында денсаулығын нығайтып, шипажайда ем қабылдауы – еңбек адамына көрсетілген құрметтің айғағы.

Ақ халатты абзал жанның ғұмыры – адал еңбек пен адамға деген жанашырлықтың жарқын үлгісі. Ел ішінде «жақсы дәрігер жанға дауа» деген тәмсіл бар. Бақыт Ұзақбайқызының сан жылдық еңбегі осы сөздің шынайы мәнін айқындай түседі. Адам саулығын бәрінен биік қойған маманның өмір жолы кейінгі жас буынға өнеге болары анық.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Алтын қор

Алтын қор

05.03.2026
Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

Көпқабатты үйдің бір кіреберісінен төрт адамның денесі табылды

05.03.2026
Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Жақсы дәрігер жанға дауа

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.