Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА, КҮДЕР ҮЗІП КЕТПЕСІН

25.05.2025
КҮНДЕРЕК
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА, КҮДЕР ҮЗІП КЕТПЕСІН

Мой Магнит

Бүгінде елімізде еріктілер ұйымы қарқынды дамып келеді. Қоғамдағы игі істердің ұйытқысы болған Ескелді ауданындағы «Адал» еріктілері ұйымы да атына сай адал еңбек, шынайы жанашырлық пен жауапкершілік ұғымын басты ұстаным еткен.

«Қоғамда күн сайын түрлі өзгерістер орын алады. Бірақ осы қарбалас тірлікте адамның жүрегін жылытатын бір дүние бар болса, ол – жақсылық жасау. Сол жақсылықты міндет көрмей, жүрек қалауымен атқарып жүрген «Адал» еріктілер ұйымының мүшелері десем артық айтқандық емес», – деп бастады әңгімесін ұйымның негізін қалаушы Дарина Буканова. – Мақсатымыз – тек көмек қана емес. Жастардың жанын ояту. Олар жақсылық жасай жүріп өзінің кім екенін, не үшін өмір сүріп жатқанын ұғынса деймін. Бұл деген тәрбиенің ең шынайы жолы ғой, – дейді ұйым жетекшісі.

Даринаның айтуынша еріктілік іске итермелеген жүрек қалауы мен адамдарға көмек қолын созуға деген шынайы ниет қана. Қазіргі таңда ұйым қатарында 50-ден аса ерікті бар. Олардың бірі мұғалім, енді бірі дәрігер, тағы бірі кәсіпкер, жай ғана жұмысшы болып та еңбек етеді. Басым бөлігі отбасылы, өз жұмысы болса да уақыт тауып, бәріне үлгеріп жүреді. «Алғашқыда бірі келіп, бірі белгілі бір себеппен кетіп жатқанымен, ұйымда тұрақты қалғандар бұл істің өз миссиясы екенін ұғынды», – дейді ол.

– «Адал» еріктілер ұйымының көмекке мұқтаж адамдарға беретін заттар үшін әлеуметтік қойма бар. Мұнда оқушылардан құралған «Адал-kids» ұйымының мүшелері жұмыс істейді, – деп жалғады сөзін Дарина. – Қойманың негізгі басшысы Люда апай. Балалар қоймадағы әр киім-кешек пен заттарды ыңғайына қарай сұрыптауға көмектеседі. Ал қойма Қарабұлақ кентіндегі Байсейітова №15 мекенжайында орын тепкен. Мұндағы әр заттың мұқтаж жандардың игілігіне жарап жатқаны қуантады. Қойма үшін деп жалға алған орынның қаражатын төлей алмаған кездер жиі орын алатын-ды. Содан Юля Попова деген белсенді қызымыз өзінің жер үйінің бос тұрғанын айтып, сол жерден қойма жасайық деп ұсынысын айтты. Қазіргі таңда әлеуметтік қойманың жұмысы жанданып қана қойған жоқ, бұл іске оқушыларды жұмылдыру арқылы олардың бос жүрмей, уақытын тиімді пайдалануға да оң ықпалын тигізуде, – деп ағынан жарылды ұйым жетекшісі.

Ұйым ресми тіркелмесе де бес жылға тарта уақыт нақты істерімен талай мұқтаж жанға қолын созып, көпшіліктің алғысына бөленіп келеді. «Адалдықтардың» белсенді мүшесі Зарина Смағұлованың сөзінше, ұйымның жұмысы күтпеген жерден басталған. Осыдан бес жыл бұрынырақта инста парақшадағы: «жалғызбасты қарияның үйі өртеніп кетті» деп үн қатқан қыздың жазбасын Қарабұлақ ауылының тұрғыны Дарина Буканова да оқып, қолдан келгенше көмектесуге асыққан. Сол сәттен бастап Дарина мен оның қасындағы еріктілер өзара жұмылып, нақты әркеттерге кіріскен. Жеке адамның мәселесі барша ауылдастың қамына айналып, бастама уақыт өте келе тұрақты еріктілер ұйымын құруға ұласыпты.

– «Адалдықтар» тек көмек көрсетумен ғана шектелмейді, сонымен қатар жоғалған адамдарды іздеуге, апатқа ұшыраған жандарға жедел көмек көрсетуге, қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Адам жоғалуда көбіне психикалық ауытқуы бар жандарды іздеуде көп қиындық туындап жатады. Алайда еріктілер үшін ең ұмытылмас сәт – жоғалғандарды тірі тауып, отбасымен қауыштыратын мезет, – деген Зарина еріктілер ұйымының әр мүшесі көмек қолын созуға жанын беріп кірісетінін де айтты.

«Адалдықтар» қол ұшын берген қайырымды істің бірі Қарабұлақтағы су тасқыны кезі. Еріктілер алғаш болып оқиға орнына жетіп, 2 күн ішінде 132 мың теңге қаражат жинап, зардап шеккен отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізген. Жалпы сол кезде 24 отбасы нақты көмек алыпты. Ұйым мүшелері әр мерекеде жалғызбасты қарттар мен мүгедек балаларға арнайы сыйлықтар таратуды да ұмытқан емес. Өткен жылы көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 200-ге тарта балаға жаңажылдық шырша ұйымдастыруға ұйытқы болған.

«Адал» еріктілер ұйымы өздерінің жеке инста парақшасы мен әлеуметтік желі арқылы елге ақпарат таратып, қолдауды қажет ететін жандар туралы хабарлап отырады. Ұйым жетекшісі айтқандай, «Адал» еріктілері: «Қоғамның өзгеруін қаласаң алдымен өзің өзгер және адал бол» ұранын басты ұстаным еткен.
Еріктілікті міндет емес, адами парыз деп білетін ұйым жетекшісі Дарина Асқарқызы 2024 жылы облыс әкімінің «Үздік жас қоғам белсендісі» номинациясын иеленді. Бұдан өзге облыс, аудан көлемінде берілген Мақтау грамоталары оның еңбегін оң бағалаудағы халықтың шынайы алғысы деп білеміз.
Әрбір жасаған ізгі іс өзіміз үшін де, қоғам үшін де үлкен қадам. Ендеше, қолдан келгенше көмектесіп, жақсылық жасауға асығайық, қол созайық!

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ

Жадыра ӘУЕЛБЕКОВА,
көпбалалы ана:

«Жақсылық жасау – ізгі істердің бірі. Қайырымдылық пен жанашырлықты өмірлерінің бір бөлшегіне айналдырған «Адал» еріктілер ұйымы бүгінде жүздеген отбасының үміт шырағына айналып отыр. Көпбалалы ана ретінде осы ұйымнан үнемі көмек алып келемін. Әр келген сайын жылы қабақ, шынайы көңілмен қарсы алып, қажетті азық-түлік, киім-кешек,көмір сынды тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырады. Тіпті мереке кезінде балаларыма қуаныш сыйлап, жаңажылдық шырша тойына қатысуға мүмкіндік жасағандары – мен үшін үлкен бақыт. «Адал» еріктілері ұйымының мүшелеріне аналық алғысымды білдіремін. Еңбектері жанып, ел алдындағы абыройлары асқақтай берсін. Осындай ұйымдар қатары көбейіп, қоғамда мейірім арта берсін!»

Аида САДРЕЕВА,
кент тұрғыны:

«Еріктілердің ешбір өтеусіз, риясыз атқарып жүрген игі істерін адамгершілік пен ізгіліктің биік шыңына теңер едім. Олар өз уақытын, күш-жігерін аямай, жүрек қалауымен көмек қолын созуға әзір тұрады. Солардың бірі – әруақытта көмек беруге даяр тұратын Дарина Асқарқызы жетекшілік ететін «Адал» еріктілер ұйымы. Қарабұлақ ауылының тұрғыны ретінде ұйым мүшелері мен жетекшісіне алғысымды білдіргім келеді. Маған тек азық-түлік, дәрі-дәрмек, көмір сатып әперіп қана қоймай, арасында қаржылай көмек көрсетеді. Олар тек материалдық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар жабырқаған сәтте рухани тірек, шын жанашыр, сырлас адам ретінде жанымнан табылады. Осындай мейірбан жандар барда әр күн мәнді, әр сәт қымбат. Дарина жетекшілік ететін ұйымдағы әрбір белсенді жасқа алғысымды білдіремін.Олардың өмір жолдары жарық, дендері сау, шаңырақтары құт-берекеге толы болсын».

Альбина РЕЕМ, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:

«Қиын-қыстау сәтте демеу болып, жақсылықтың жаршысы болған «Адал» еріктілеріне шын жүректен алғыс білдіремін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, адалдықтар өз еңбектері арқылы мұқтаж жандардың жүрегіне сенім мен қуаныш отын ұялатып келеді. Олардың адал ниеттері мен қайырымды істерінің, ел үшін атқарып жатқан еселі еңбектерінің сауабы еселеніп, жасаған әр жақсылықтары өздеріне мың еселеніп қайтсын».

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.